Қарағанды облысының әкімдігі ұсынған деректерге сай, өңірде биылғы алғашқы алты айдың ішінде әлеуметтік-экономикалық даму жағынан негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етіліпті.

Мысалы, өнеркәсіп саласында 103,5%, құрылыста – 131,8%, инвестиция тартуда – 108,3%, баспана беруде – 111,8%, ауыл шаруашылығында 103,3% өсім байқалған.
Былтырғымен салыстырғанда жергілікті бюджеттің түсімі 29,2%-ға артқан. Бұл жоспардағыдан 11,6%-ға артық.
Өндіріс саласында индекс өсімінің нақты көлемі өңдеу секторының өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Бұл жердегі көрсеткіш – 106,4%. Ал тау-кен өндірісі секторында ол 105,7%-ды құрады.
Бүгінде «АрселорМиттал Теміртау» және «Қазақмыс» корпорациясы» алпауыт кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеп тұрғанын айтқан жөн. Әлемдік нарықта мыс пен болат бағасының өскені байқалады.
Облыс бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі алты ай ішінде 1,360 трлн теңгені құрады. Бұл қарқынның жылдың соңына дейін сақталатынына облыс басшылығы сенімді.
Инвестиция саласына келсек, биылғы жарты жылдың қорытындысы бойынша облысқа 300 млрд теңгеден астам капитал келген. Бұл алдындағыдан 8,3%-ға артық және мұның 85%-ы – жеке инвестиция.
Бұдан бөлек, шетел инвесторлары белсенді түрде атсалысқан 44 жаңа инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Мұндағы сома 2 трлн теңгені құрап, 13 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді.
Жылдың соңына дейін 231 млрд теңгені құрап, 3,5 мың жоғары өндірістік тұрақты жұмыс орнын ашатын 14 жаңа жоба іске қосылады. Қазірдің өзінде оның бесеуі жұмыс істей бастады.
Саран қаласындағы бұрынғы резино-техникалық өнімдері (РТИ) зауытының базасында қытайлық әлемдік көшбасы «Yutong» компаниясының қатысуымен автобустар мен арнайы техникалар шығару жобасы іске асырыла бастады. Сәтін салса, жылдың соңына қарай алғашқы автобус конвейерден шығуы тиіс.
Сонымен қатар осы зауыттың базасында биыл жылына 3,5 млн дана автомобиль шиналарын шығаратын жоба да қолға алынбақ. Бұл жобаларды жүзеге асыру облыс экономикасын әртараптандыруға оң әсерін тигізеді және машина жасау үлесін екі есеге арттырады.
Шағын және орта бизнес туралы айтар болсақ, биылғы жылдың басынан бері жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 0,5%-ға өсіп, 88400 бірлікті құрады. Бұл салада бүгінде облыстың экономикалық тұрғыда белсенді тұрғындарының 35%-ы қамтылған. Олар бойынша инвестиция тартудың өсімі 20%-ды құрады.
Дағдарысқа қарсы шаралар арқылы облыстың 30 мыңнан астам кәсіпкері салық, банк алдындағы кредит және жалға алу ақысы бойынша кейін төлеу жеңілдіктеріне ие болды.
Облыста құрылыс саласында биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жұмыс 131,8%-ды құрады. Оның ішінде тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 11,8%-ға артты. Биыл былтырғыға қарағанда тұрғын үйді пайдалануға беру ісін 42,5%-ға арттыру міндеті алға қойылған.
Өңірде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл бағытта тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен және арнайы тартылған су құбырымен қамтамасыз етудің 95 жобасын іске асыру қолға алынған. Мұның өзі биыл қалалық тұрғындардың 98%-ын және ауылдықтардың 87%-ын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал 2021 жылы қызметтің мұндай түрімен қалалықтарды және 2023 жылға қарай ауылдық жерлердің тұрғындарын 100%-ға қамтамасыз ету жоспарда бар.
Облыс экономикасы үшін автомобиль жолдарының маңызы зор. Биыл «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» жол учаскелері пайдалануға беріледі. Мұның алдында, яғни осы жылдың 6 шілдесінде Қарағандыны айналып өтетін «Солтүстік және Шығыс айналма жолы» ашылды. Бұл жобаларды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі іске асырып жатыр.
Жол өңірдің дамуына стратегиялық тұрғыда игі ықпалын тигізетін болады. Іргелес салаларды есепке алғанда, бұл жүргізіліп жатқан жұмыстар 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығы саласы да ұятқа қалдырмай тұр. Ауылшаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру өсімінің арқасында 103,3%-ды құрады.
Алғашқы жартыжылдықта азық-түлік тауарларына арналған тұтыну бағасының индексі 103,9%-ды құрады. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған баға индексі 104,5% болды. Бұл республика бойынша орташа мәннен төмен.
Енді, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған кәсіпкерлер мен тұрғындарға әлеуметтік төлем төлеу бойынша мынаны атап өтуге болады. Облыста 272 мың адам 42 500 теңге мөлшерінде төлем алды. Бұл экономикалық белсенді тұрғындардың 40%-ын құрайды. Коммуналдық қызметтің 15 мың теңгелік өтемақысын облыстың 76 500 тұрғыны алды. Бұл дегеніңіз 2 млрд теңгеден астам қаржы. Сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде облыстың 80 мың тұрғыны азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар түріндегі көмекпен қамтамасыз етілді.
Елбасының бастамасы бойынша «Біргеміз» қоры арқылы облыстың 40 мыңнан астам тұрғыны 2,2 млрд теңге мөлшерінде көмек алды. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды тұрғындардың 74%-ы жұмысқа тартылды.
Жалпы алғанда, еңбек нарығындағы ықпал ету іс-шараларының нәтижесінде жыл соңына дейін 43 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Сонымен бірге 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Мұның өзі облыста жұмыссыздар санының өспеуіне игі әсерін тигізері сөзсіз.
Қарағанды облысы
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Бензин бағасы кетті шарықтап...
Қазақстан • Кеше
Балаларға жанашырлық – бәрімізге ортақ міндет
Қоғам • Кеше
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Азия чемпионатында алты жүлде бұйырды
Спорт • Кеше
Шығыс Қазақстанда карантин 3 мамырға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда ауыз бекіткендерге ыстық тамақ таратылды
Елорда • Кеше
Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты
Парламент • Кеше
Елбасы Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы • Кеше
Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?
Спорт • Кеше
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Кеше
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Кеше
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Кеше
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Кеше
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Кеше
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Кеше
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Кеше
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Кеше
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Кеше
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Кеше
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Кеше
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Кеше
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Кеше
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Кеше
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Кеше
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Кеше
Руханият • Кеше
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Кеше
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар