Таным • 23 Шілде, 2020
Жалған дүние. Бабаларымыз жалт етіп өте шығар ғұмырдың өлшеулі екенін осы бір-ақ ауыз сөзге сыйғызып кетіпті. «Өмір деген бір жарқ еткен найзағай» дегенде ақиық ақын Мұқағали да фәнидің өткінші екенін меңзепті. Тағдырмен бетпе-бет келгенде осы сөздердің салмағын бұрынғыдан да терең сезіне түседі екенсің.
Кәсіпқой бокс • 23 Шілде, 2020
Америкалық ITRboxing.com порталының журналисі Люки Кеттель салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар рейтингін жасады.
Экология • 23 Шілде, 2020
Көбейтұздағы келеңсіз көрініс экологиялық сананы тәрбиелеу қажеттігін көрсетті
Биыл жаһанды жайлаған індет туризм секторына да өз «түзетуін» енгізді. Жаз маусымында жағажай іздеп, қиырға кетіп қалатын қазақстандықтар осы бір карантиндік шектеу шараларынан кейін амалсыз алысқа ұзай алмай отырғаны ақиқат. Десе де ірі шаһарлардың шетіндегі табиғаттың әсем мүйістері жетерлік.
Білім • 23 Шілде, 2020
Балдырғандар «Әліппемен» қайта қауышады
Ғылымның анасына айналған «Әліппе» 105 жылдан кейін, яғни 2016 жылдан бастап мектеп табалдырығын аттайтын оқушыларға оқытылмайтын болып, оның орнына «Сауат ашу» оқулығы енгізілген еді. Бұл шешім қоғам арасында үлкен дау тудырды.
Қоғам • 23 Шілде, 2020
Жағдай тұрақталып келеді (Карантиндік шектеулер нәтиже бере бастады)
Әлем жұртын үрей мен үміттің арнасына тоғыстырған індеттің ізі өшті деуге әлі ерте. Дегенмен еліміздегі эпидемиялық жағдай біршама тұрақталу деңгейіне шыққанын атап өткен жөн. Көрінбейтін дұшпанмен жүріп жатқан күрделі күресте күні-түні көз ілмей, елеулі ерлік көрсеткен ақ халатты жандардың еңбегі ерен. Сонымен қатар карантин талаптарын қатаң ұстанып, сыртқа шығып, сырқат көбейтпей, сын сағатта сабырлық танытып, ошағында отырған отандастарымыздың да орны бөлек. Жұрт болып жұмылсақ, жұқпалы дерттің де әлегі басылғалы тұр.