Кино • 14 Шілде, 2017
22-28 шілдеде Астанада Кино мейрам феноменіне айналған әйгілі «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Бұл туралы фестивальдың дайындық жұмыстарына байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында хабарланды.
Дала демократиясы мен демографиясы
Осыдан біраз жыл бұрын демограф ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы Мақаш Тәтімовпен азаматтық некеден өрбіп жатқан ұрпақ жайлы ашық пікірталасқа түсіп, бір тоқтамға келе алмай, тарқасып едік.
Аймақтар • 14 Шілде, 2017
Достықты дәріптеген, туысты бауыр еткен Сабантой
Қостанайда татар халқының халықаралық «Қостанай – Қазан – Сабантой-2017» атты Сабантой мерекесі дүбірлеп өтті. Тегі бір, түркітілдес қос халықтың туыстық, достық тарихы тереңге кетеді. Бүгінгі жаһандық бәсекеге қабілеттілікті талап етіп отырған нарық, тағы сол жаһандану иіріміне қарсы тұру үшін тіл, дәстүр мен мәдениетті сақтау туысқан халықтарға тізе қосып әрекет етуді меңзейді.
Медицина • 14 Шілде, 2017
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басы. Жұртшылықтың қолдауымен ол аудан басшылығына келді. Жамбыл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған Жүсіпәлі Нөкетаевтың алдында бұрынғыдан да ауыр жауапкершілік пен зор міндет тұрды. Өзіне көрсетілген сенім үдесінен шығу үшін жаңа істерге білек сыбана кірісіп, көп жылғы жинаған тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін пайдалануға тура келді. Бәрі де жақсы басталып келе жатқан. Алайда бір аласапыран кезең туып, заман да қоғам да өзгеріп сала берді. Биліктің атауы да сан құбылды. Аудандық партия комитеті мен атқару комитеті бірігіп, жаңа құрылым – халық депутаттарының аудандық кеңесі құрылды. Оның төрағалығына өзі бекітілді. Көп ұзамай тамыз оқиғасынан кейін бәрі де өзгерді. Коммунистік партия тарих сахнасынан тайып, кеңес өкіметі келместің кемесіне мінді. Ел абдырап қалды. Нарық келіп аумалы-төкпелі бір ауыр кезең орныққаны белгілі.
«Мультикке» миллион көптік етпейді
«Бала тәрбиесінде ұсақ-түйек болмайды» деген қағида бар. Бұл кішкентайларға берген жақсы тәрбие де, жағымсыз әдет те бала есейген сайын бірге ұлғая беретінін аңғартса керек. Ал телеөнім мен интернетті тел еміп өскен бүгінгі «бұзықтардың» тәрбиесінде анимациялық фильмдердің орны ерекше екендігі белгілі.