Қазақстан • 09 Шілде, 2018
Ұлттық спорт • 09 Шілде, 2018
Елорда тойында ерекше думанға бөленген жерлердің бірі қала сыртындағы «Қазанат» атшабары болды. Астананың 20 жылдық мерейтойына 20 миллион теңге жүлде тағайындаған айтулы бәйгені көруге асыққан жылқы жанды көрермен бәйге басталмай-ақ атшабарды лық толтырып тастапты.
Қазақстан • 09 Шілде, 2018
Ел жүрегіне айналған құтты қала
Астана – Қазақстанның елордасы, мемлекеттік бірліктің символы, тәуелсіз елдің стратегиялық жоспары мен талпынысының мазмұны. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық ойлары ел дамуындағы ұзақ мерзімдік нақты бағытты анықтады. Соның бір бөлігі ел орталығын Алматыдан Ақмола қаласына ауыстыру шешімі. Бұл – тәуелсіз мемлекеттің жаһандық тарихының жаңа белесі. Қазақстан ТМД елдері ішінде осындай маңызды қадамға барған тұңғыш әрі жалғыз мемлекет. Астананы ауыстыру сонау 90-жылдардағы дағдарыспен тұспа-тұс келгенін де естен шығармауымыз керек.
Қазақстан • 09 Шілде, 2018
Тәуелсіздіктің теңдессіз туындысы
Төл тарихымыздың тұңғиығына үңілер болсақ, 13 ғасыр бұрын бабаларымыз «Елім бар жұрт едім ғой – елім қайда, төрім бар жұрт едім ғой – төрім қайда?» деп айтып кеткен екен. Уақыт өтті, заман өзгерді. Сан ғасыр бойы қатаң режім қаһарына мініп, қазаққа қылбұрауын қанша күшейткенімен тәңірі алқап, тарих қолдап тәуелсіздік алдық. Егемен ел атандық. Содан бері ширек ғасыр өтті. Осы уақыт ішінде бабаларымыздың асыл арманы, келешегі кемел елі дүниеге келіп, сайын даланың төсінде, Есілдің екі бетінде, әлем сүйсінген әсем Астананы салдық. «Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді» деген осы.
Этно-мәдени бірлестіктер Астанаға ән арнады
Облыс орталығындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жергілікті филиалы этно-мәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдары өнерлі. Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік қуанышты -әртүрлі тілдегі әндер айту арқылы жеткізді