Түлектерді «түрлендіргеннен» не ұтамыз?!
Күні кеше ғана соңғы қоңырауы соғылған 2016-2017 оқу жылы бірқатар жаңалығымен қазақстандық білім беру ісінің дамуындағы айрықша жыл болғаны анық. Ең алдымен, бұл оқу жылы орта мектепті бітірушілердің аттестат алу үшін бұрынғыдай мемлекеттік емтихан тапсыруға көшірілген кезеңі ретінде есте қалатын болды. Бұл сөз жоқ, дұрыс қадам. Аталған жаңалық, әсіресе, ауылдық мектептердің түлектері үшін ерекше қуанышты болды. Олар биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтары орталықтарына жету үшін жолсапар сүргінін көрген жоқ. Сөйтіп, өмірлерінің ең қиын да жауапты күндерінде ата-анасының ыстық ұясынан еріксіз ұзап шығып, жатақханаларға уақытша тұрақтау мәжбүрлігінен құтылды.
Әлем • 13 Шілде, 2017
Өткен айда Ақ үй басшысы климат өзгеруінің алдын алуға байланысты қабылданған Париж келісімінен АҚШ-тың шығатынын мәлімдеген-ді. АҚШ президенті Дональд Трамп Гамбургте өткен G20 саммитінде де өзінің ұстанымынан айныған жоқ. Көмірқышқыл газын шығару көлемі бойынша әлемде екінші орында тұрған АҚШ басшысының сол сөзі әлемді әрі-сәрі күй кештірді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан өзінің сыртқы саяси ерік-жігерін жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін күрделі саяси кикілжіңдерді реттеуге жұмсап келеді. Бүгінде еліміздің бұл бағыттағы ауқымды жұмыстарын әлемдік қоғамдастық ашық мойындайды.
Қазақстан • 13 Шілде, 2017
Қазақстан Республикасы өзінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметін бастағанына жарты жыл толды. Осы орайда еліміздің өткен алты айда қандай нәтижелерге қол жеткізгені жөнінде аз-кем сөз қозғауды жөн көрдік.
Аймақтар • 13 Шілде, 2017
Ыждаһатты жұмыс ырысқа кенелтеді
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 20,5 миллиард теңгеге 10 жоба жүзеге асырылып, 446 жаңа жұмыс орындары құрылды. Агроөнеркәсіптік өңдеу саласында жоғары технологиялық «Халал» ет өнімі өндірісі, шырын тазарту цехы, мал азығы өндірісі, қызылмия тамырларын өңдейтін зауыт пайдалануға берілді.