Аймақтар • 13 Шілде, 2017

Ыждаһатты жұмыс ырысқа кенелтеді

118 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 20,5 миллиард теңгеге 10 жоба жүзеге асырылып, 446 жаңа жұмыс орындары құрылды. Агроөнеркәсіптік өңдеу саласында жоғары технологиялық «Халал» ет өнімі өндірісі, шырын тазарту цехы, мал азығы өндірісі, қызылмия тамырларын өңдейтін зауыт пайдалануға берілді.

Ыждаһатты жұмыс ырысқа кенелтеді

Сондай-ақ, химия өнер­кә­сі­бін­дегі «Қазфосфат» ЖШС-нің кә­сіпорнында 3 инвестициялық жо­баның іске асырылуы да өңір дамуына оң серпін берді. Түй­ір­шіктелген фосфор-калий ты­ңай­т­қыш­ын өндіру, құрылыс индуст­рия­сында құрылыс материалдарын өндіретін зауыт, дәнекерлеу элек­тродтарын шығару, гипс жә­не гипстен жасалатын картон өн­ді­ру өн­дірістерінің іске қосылуы да об­лыстың оң көрсеткішке ие еке­нін көрсетеді. 
Облыста «ЕуроХим-Тыңай­­т­қыш­тар» ЖШС-мен Каратау қа­ла­сында кешенді минералды ты­ңай­тқыш өндіретін ірі жоба іске асы­рылуда. Бүгінгі күні Жаңатас қа­ласында кен байыту комбинаты іске қосылып, онда 270-тен аст­ам жұ­­мыс орындары құрылды. Нә­ти­же­­сінде өткен жылы кәсіпорын 2,2 миллиард теңгеге 368,2 мың тонна ұсақталған фосфор шикізатын өн­­дірді.
«Химия паркі Тараз» арна­йы эко­номикалық аймағында ірі комп­а­ниялар жобаларын іс­ке асыру бойын­ша жұмыстар жүр­­гізілуде. Өт­кен жылы жалпы ау­ыл­шаруа­шы­­лық өнімінің кө­­л­е­мі 8,1 пай­ызға артты. Са­ла­да не­гізгі өнім түрлерінің өн­ді­рісі жыл сай­ын өсуде. Өсімдік ша­руа­шы­лы­ғын­да­ғы өнім көлемінің ұл­­ғаю­ына ыл­ғал және су үнемдеу технология­лар­ын енгізу жөніндегі белсенді жұ­мыстар ықпал етуде. 2016 жы­лы су үнемдеу технологиялары енгізілген алаң көлемі 12 мың гек­тарға жеткізіліп, 47 пай­ызға артты. Ылғал ресурстарын сақтау технологиялармен 26,3 мың гектар қамтылған. Аталмыш тех­нологиялар ауылшаруашылық да­қылдарының өнімділігін артты­руда тиімділігін көрсетіп отыр. Мы­салы, Қордай ауданындағы «Нөсер жә­не Самғау» шаруа қожалығы атал­ған технологияны қолдану нә­тижесінде әрбір гектардан 1000 цен­тнерге дейін қант қызылшасын жи­нады, бұл ретте облыс бойынша қант қызылшасының орташа түсімі 216,3 центнерді құрап отыр. 
Жамбыл өңірі еліміздегі жасыл аймақ саналатындықтан, осы бағытта бірқатар жобалар қол­ға алы­нды. Атап айтсақ, 235 гек­тар­ға қар­қынды алма бақтары отыр­ғы­зыл­са, 19,8 гектар жерге 233 жылыжай орналастырылды. Ал мал шаруашылығы өнімінің өсіміне экс­порттық әлеуетті дамытуға ба­ғытталған «Сыбаға, «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларын жү­зеге асыру ықпал еткенін айта кет­кен жөн. Өткен жылы бұл мақ­сатта 5527 бас ірі қа­ра, 46296 бас қой, 2165 бас жылқы сатып алынды. Бұл бағ­дар­ла­ма­ларды жүзеге асыру нә­ти­же­сінде бар­лық мал түрлері ба­сы­ның өсімі байқалады. 
Облыста Ресей, сондай-ақ, бас­қа да нарықтарға бағытталған к­ө­көніс, ет және сүт кластері даму­да. Өңірде Меркі ауданында 42 ша­руашылығы бар «Меркі өнім­де­рі» өндірістік кооперативі және жа­ңа­зеландиялық «Fonterra» және дат­тық «Arla» бағдарламалары не­­гізінде 15 шаруашылықтарды бі­­ріктіре отырып Жуалы ауда­нында «Жуалы-Алатау» ауыл­ша­руа­шылық өндірістік кооперативі құ­рылды. 
Облыста ауылшаруашылық тех­ни­касымен қайта жарақтандыру, бор­дақылау алаңдарын, сүт-тау­ар­лы фермаларын құру және ауыл­ша­руашылық тауарларын өңдеу жө­ніндегі инвестициялық жоба­лар­­ды іске асыру бойынша жұ­мыс­­­тар жүргізілуде. Айта кетсек, 32 сүт-тауарлы ферма іске қо­сы­лып, 24878 басқа арналған 26 ірі бор­­дақылау алаңдары, 50 ауыл­ша­­­руашылық кооперативі жұмыс ат­­қаруда. 
«Бизнестің жол картасы-2020» бағ­дарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетудің жүйелік шаралары іске асырылып келеді. Бағдарламаны жүзеге асыра бастағаннан 2016 жылға дейін 79,8 миллиард теңгеге 766 жоба, оның ішінде 2016 жылы 27,6 миллиард теңгеге 219 жоба субс­идияланды. 
Сонымен қатар, 2,4 миллиард теңгеге 212 кепілдік беріліп, 1,5 миллиард теңгеге шағын жә­не ор­та бизнестің 77 жобасына ин­же­нерлік инфрақұрылым жүр­гі­зілді. Жаңа бизнес бастамаларды іс­ке асыруға бағдарламаны жүзеге асы­ра бастағалы бері 95,3 миллион теңгеге 33 грант, өз ісін ашуға және кеңейтуге 461,6 миллион теңгеге 153 шағын несие берілді. 
Жалпы, бағдарлама жүзеге асы­рылған жылдары көрсетілген мем­ле­кеттік қолдау 12 мың жұмыс орнын сақтап қалуға және 4 мың жұмыс орнын құруға ықпал етті. Құ­рылыс, көлік және сауда салала­рында да оң динамика сақталып отыр. Құрылыс жұмыстарының кө­лемі 4,2 пайызға, сауда 0,4 пай­ызға артып, жүк айналымы 0,1пайызға, жолаушы айналымы 16 пай­ызға өсті. «Халықтың жан басы­на шаққандағы негізгі ка­пи­талға инвестициялардың өсу қар­қы­ны» түйінді индикатор бойынша жос­парлы мәні 105,2 пайыздан кем емес жоспарланып, нақты орындалу мәні 105,4 пайызды құрады. 
Қаратау қаласында «Еурохим Қаратау» жауапкершілігі шек­теу­­лі серіктестігінің минералды ты­ңайтқыштар өндіретін химия зау­ытының, Т.Рысқұлов ау­да­нын­дағы газ-компрессорлы стан­са­ның құрылыстарына инвестиция тар­ту есебінен оң көрсеткішке қол жет­кізілді. 
Жалпы, 2016 жылы негізгі ка­пи­талға салынған инвестиция кө­ле­мі 215,4 миллиард теңгені неме­се 2015 жылғы деңгейдің 106,2 пай­ызын құрады. Ал «Жергілікті бюджетке са­лық­­тық және салықтық емес тү­сім­дер­дің өсуі» көрсеткіші бойынша жос­­парлы мәні 102,5 пайыздан кем емес жоспарланып, нақты орын­­­далу мәні 103,0 пайызды құ­­­рады. Ал, «Жұмыссыздықтың қыс­­­қартылуы» көрсеткішінің жос­пар­­лы мәні 5,0 пайызға өсіп, 2016 жы­­­лы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пай­ызды құрады.
Ұлттың келешегі үшін ұрпақ тәрбиесі аса ма­ңызды. Сондықтан да өткен жылы 3845 орындық 36 балабақша, сондай-ақ, 25 орындық 1 шағын мем­лекеттік орталық ашылды. Оның ішінде Ұлттық қор қаражаты есе­бінен 840 орындық 3, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 280 орын­дық 2, мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде 29, ғимарат беру есебінен 1, қайтару есебінен 1 балабақша ашылды.
«Пайдалануға берілген тұрғын үй­лердің жалпы ауданы» түйінді ин­дикатор бойынша жоспарлы мәні 273,8 мың шаршы метр жоспарланып, нақты 318,2 мың шаршы метрге тұрғызылған тұрғын үй­­лер пайдалануға берілді. Ал «Жақ­­сы және қанағаттанарлық жағ­­дайдағы облыстық және ау­дан­дық маңызы бар автомобиль жол­да­рының үлесі» түйінді индика­тор бой­ынша жоспарлы мәні 75,5 пай­ыз­ға белгіленіп, нақты орындалу мәні 75,5 пайызды құрады. 
2016 жылы жергілікті мәндегі ав­то­мобиль жолдарын және ел­ді мекендердің көшелерін да­мы­туға, жөндеуге және ұстауға бюд­жеттен 9,9 миллиард теңге жұм­салды. «Кө­­шелерде жасалған қыл­мыс­тар­дың үлес салмағы» түйінді инди­ка­тор бойынша жоспарлы мәні 14,8 пай­ыздан артық емес жоспарланып, нақты орындалу мәні 13,5 пай­ызды құрады.
Қолға алынған көптеген жо­ба­лар­­мен қатар, облыс ор­та­лы­ғында тәуліктің түнгі кезінде жасалатын қыл­мыстарға жедел әрекет ету үшін құрамына қылмыстарды іздеу қызметкерлері, учаскелік полиция инс­пекторы кіретін «Сова» жедел іздеу тобы құрылды. 
Облыстық ішкі істер депар­та­менті жергілікті полиция қыз­ме­тінің бастамашылығымен жол-кө­лік оқиғаларының алдын алу мақ­сатында облыстың барлық аудандарында алдын алу іс-шаралары бойынша жұмыстар жүргізілді. 
«100 зардап шеккен адам­ға шаққандағы жол-көлік оқи­ға­ла­ры­нан қайтыс болғандар санын тө­мендету» түйінді индикатор бойын­ша жоспарлы мәні 9,0 бір­лік­тен арт­ық емес жоспарланып, нақ­ты орындалу мәні 100 зардап шеккен адамға шаққанда 8,6 бір­лікті құрады.
«Жергілікті атқарушы орган­дар көрсететін мемлекеттік қыз­мет­тер­дің көрсетілу сапасына қана­ғат­танушылық деңгейін арттыру» түйінді индикатор бойынша жос­пар­лы мәні 81 пайызға жоспарланып, нақты 10 балдық шкаламен орын­далу мәні 83 пайызды құрады.
Сонымен қатар, «Ғұмырдың бол­жамды ұзақтығын арттыру» түй­інді индикаторға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасында ден­­саулық сақтау саласын да­мы­тудың 2016-2019 жыл­дар­ға ар­налған «Денсаулық» мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында ме­дициналық көмекке қол­же­тім­ділікті қамтамасыз ету, оның уа­қытылы әрі сапалы көрсетілуі бой­ынша шаралар іске асырылуда. 
2016 жылы денсаулық сақтау са­­ласын қаржыландыру көлемі 39,5 миллиард теңгені құрады. Бюд­­жет қаражаты есебінен 2 ем­­ха­­на, 2 дәрігерлік амбулатория, фе­­­ль­дшерлік-акушерлік пун­кт, ме­ди­циналық пункт пай­да­ла­ну­ға бе­рі­­ліп, денсаулық сақтау са­ла­сы­ның 3 нысаны газбен қам­та­ма­сыз етілді.

Бекболат ОРЫНБЕКОВ,
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары