13 Шілде, 2017

Мәмілегер елдің мәртебесі

484 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары­нан бастап Қазақстан өзінің сыр­тқы саяси ерік-жігерін жаһандық қау­іп­­сіздікке қатер төндіретін күр­де­лі сая­си кикілжіңдерді реттеуге жұм­сап келеді. Бүгінде еліміздің бұл ба­ғыт­та­ғы ауқымды жұмыстарын әлемдік қо­ғамдастық ашық мойындайды.

Мәмілегер елдің мәртебесі

Қазіргі таңда еліміздің бітімгерлік бас­тамаларының тұтас тарихы қа­лып­­­та­сып отыр. Бұл тарих Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың тәуелсіздіктің ал­­ғашқы кезеңдерінде орын алған Әзер­байжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ жанжалын реттеудегі ара­ағайындық қызметінен бастау алады. Содан бергі аралықта Қазақстанның бі­тім­герлік іс-қимылы жандана түсті. 
Еліміздің жүргізіп келе жатқан сая­саты Президент тарапынан нақ­ты­ла­натынын ескере сөйлесек, Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бі­­тім­­герлік бағытындағы ізгілікті ұс­танымдары өзгерген жоқ. Бұл өз ке­зегінде Қазақстанның жаһандық қау­іп­сіздік мәселелеріне қатысты мақсаты мен мүддесі ешқашан өзгермейтінін, осы орайдағы күш-жігері алдағы уа­қытта тек бейбіт әлем құруға жұмсала бе­ретінін айқындайды.
Халықаралық қарым-қатынастар жүйе­сіндегі әрбір қадамымызды сөз ет­кенде еліміздің бітімгершілік мис­сия­сын салқынқандылықпен, сау­а­т­ты­лықпен атқарып келе жатқанын атап өтуіміз керек. Бұл бір жағынан еліміздің жа­һандық түйткілдерді шешуде мол тә­жі­рибе жинақтағанын, өзінің миссиясын орындауда бұра тартпай, әділдікке жү­гінетінін аңғартады. Сондықтан да болар, қазіргі таңда АҚШ, Ресей, Франция және басқа да алпауыт мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ, халықаралық беделді ұйымдардың жетекшілері аса күрделі, жаһандық қауіпсіздікке тікелей қа­тысы бар мәселелерде Қазақстан та­ра­пының араағайындық жасауын қа­лайтындықтарын білдіріп келеді. 
Мәселен, АҚШ-тың 44-ші пре­зи­денті Барак Обаманың 2014 жылы Қазақстан басшысына бірнеше рет те­ле­фон соғып, АҚШ-Ресей қарым-қа­ты­насын реттеп, орын алған күрделі мә­­селелердің оңтайлы шешілуіне ық­пал етуін өтінгенін, сондай-ақ, оның Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағ­дайға байланысты сан мәрте хабарласып, Елбасына ондағы түйткілдерді реттеуге үлес қосуын сұрағанын атап өтуге болады. Содан кейін көп өтпей, яғни сол жылдың желтоқсан айында Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд Украина дағдарысын рет­теу ісіне байланысты Қазақстанға ке­­ліп Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгі­ме­лес­кен соң, әуелгі бағытын өзгертіп, қай­­тар жолында Мәскеуге соғып, Ре­сей президенті Владимир Путинмен кез­дес­кені талайдың есінде. Әрине, мұның бар­лығы Елбасының бітімгерлік рөлінің зор екенін ұқтырады.
Сонымен қатар, Президент Нұр­сұл­тан­ Назарбаевтың ресейлік бом­балаушы ұшақтың атып түсірілуіне байланысты туындаған Түркия-Ресей жанжалының тез арада басылуына сіңірген еңбегі ерек­ше. Егер бұл кикілжің ұзаққа со­зы­лып немесе басқа да күрделі жағ­дай­ларға ұласып кетер болса, екі жаққа да оңай тимесі анық еді. Дегенмен, олар­­дың бағына орай іске Президент Н.Ә.Назарбаев кірісіп, Түркия-Ресей қа­рым-қатынастары қалпына келді. Бұл да елі­міз бен Елбасымыздың халықаралық аре­надағы беделін одан әрі биіктете түсті. 
Иә, мұндай дәнекерлік деректері Ел­ба­сының қызметі жолында бар­шы­лық. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен еліміздің қуаты жағынан әлем­де төртінші орында тұрған ядролық ар­сеналынан өз еркімен бас тартуын, Иран­ның ядролық бағдарламасына қа­тысты кереғар көзқарастарды бір-бір­іне жақындатып, негізгі түйткілдің шешілуіне Астана келіссөздері өзіндік зор ықпалын тигізгенін бүгінде мақ­та­ныш­пен айтуға болады. 
Тағы бір айта кетер жайт, Елбасының салиқалы саясаты арқасында еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мү­ше­сі болып сайланды. Осынау бе­дел­ді ұйымға мүше болуымызға Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың халықаралық қоғ­ам­дастық алдындағы жоғары беделі мен бі­тімгершілік бастамалары тікелей әсер еткені анық.
Соңғы кездері Сирия дағдарысына қатысты келіссөздерді жүргізуге Астана алаңы таңдалды. Бейтарап Астанада өткен аталған келіссөздер «Астана про­це­сі» деген атаумен тарихқа жазылуда. Бү­гінде оның Астанада 5 раунды өтті. Осы Астана кездесуіне қатысушылар ал­­ғаш рет Сирия ұлттық бірліктің мем­ле­­кеті болып қалуы тиіс екенін қу­ат­тады. 
Иә, бүгінде көптеген мемлекет бас­­­­шылары аймақтық немесе әлемдік өзек­ті мәселелерді шұғыл шешуде Ел­ба­сына жүгінетіні, елімізді ара­ағай­ын­дыққа шақыратыны дәстүрге айналып отыр. Мұның барлығы ел мерейінің биіктегенін білдіретін фактор болса керек.