Аймақтар • 15 Шілде, 2019
Таразда тегін экскурсиялық автобустар іске қосылды
Жамбыл облыстық туризм басқармасының қолдауымен «Жастар жылына» орай, Тараз қаласында 2 туристік автобус іске қосылды. Экскурсиялық автобустар Тараздағы «Жастар аллеясынан» салтанатты жағдайда жолға шықты.
Аймақтар • 15 Шілде, 2019
Алматыда «Цифрлан! Трендте бол!» акциясы өтті
Алматы қаласының Түрксіб ауданында «Цифрлан! Трендте бол!» акциясы жалғасын тапты. Шараны Халық¬аралық «Жанашыр» қоғам¬дық қоры мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы бірлесіп ұйымдастырды.
Тағайындау • 15 Шілде, 2019
Бауыржан Сартбаев «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
Директорлар кеңесінің шешімімен Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 15 Шілде, 2019
Президент халықтың қарыз жүктемесін төмендетуге қатысты шараны тиісті деңгейде орындауды тапсырды
Бұл туралы Берік Уәли фейсбуктағы парақшасында жазды.
Аймақтар • 15 Шілде, 2019
МӘМС елордалық филиалы медицина ұйымдарына 50,4 млрд теңге төледі
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы 2019 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін елордалық медицина ұйымдарына 50,4 млрд теңге төледі. Қаржы тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде (ТМККК) бөлінді.