Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Таразда тегін экскурсиялық автобустар іске қосылды

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облыстық туризм басқармасының қолдауымен «Жастар жылына» орай, Тараз қаласында 2 туристік автобус іске қосылды. Экскурсиялық автобустар Тараздағы «Жастар аллеясынан» салтанатты жағдайда жолға шықты.

Таразда тегін экскурсиялық автобустар іске қосылды

Өңірде алғаш рет қолға алынып отырған тың жоба енді 5 ай бойы халыққа қызмет көрсететін болады. Басқарма басшысы Қарлығаш Аралбекованың айтуынша, аталған экскурсиялық автобустар ең әуелі облыстағы мектеп оқушыларын, колледж және жоғары оқу орындары студенттерін тегін тасиды. Сонымен қатар, экскурсиялық автобустармен көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушылар да қамтылады.

Түрлі санаттағы тұрғындарға тегін қызмет көрсететін экскурсиялық автобустар Тараз қаласында негізгі бағыттар бойынша жүреді. Ал, әр аптаның демалыс күндері өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерге екі бағыт бойынша саяхаттар ұйымдастырылады. Тұрғындар бірінші бағыт бойынша «Көне Тараз» кешеніне, Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун, Дәуітбек кесенелеріне, Қали Жүніс мешітіне, «Төрткүл» керуен сарайына, «Қазақ хандығына 550 жыл» монументіне, Ақыртас кешеніне барса, екінші бағыт бойынша «Көне Тараз» музейіне, ортағасырлық Қали Жүніс моншасына, Қарахан, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелеріне, Төрткүл және Ақыртас кешендеріне саяхат жасайтын болады.


Жамбыл облысы