Қоғам • 16 Шілде, 2024
«Су – тілсіз жау» деген. Талғар ауданы Кеңдала аулындағы Үлкен Алматы каналын (ҮАК) жағалап жүгіріп жүрген кішкентай балапанның аяқасты ағыны қатты суға құлап, ағып бара жатқанын байқап қалған Серікжан Сембайұлының еш кідірместен суға қойып кетіп, баланың өмірін сақтап қалған ерлігі лезде елге тарады.
Қоғам • 16 Шілде, 2024
Ойынхананың оңай олжасы опындырады
Әлеуметті әбігерге салған дерттің бірі – лудомания. Құмар ойынға аңсары ауған адамның ойынханадан олжа іздеп кететіні ақиқат. Букмекерлік кеңселерде бәрі де «бір рет бәс тігіп көрейіннен» басталады. Қарапайым халыққа ақпарат таратып жүрген әріптестеріміз де талай рет құмарлық құрбаны болғаны бар. Әсіресе спорт тақырыбын қаузап жазып жүргендердің көбі букмекерлік кеңсеге бас сұқпай кетпейтін. Абырой болғанда бірнеше жыл бұрын Таразда құмар ойын кеңселері жабылып тынды.
Қоғам • 16 Шілде, 2024
Өткен жолы бір танысымыз жап-жас інісінің есірткіге әуес болғанына күйініп, «қазір жастардың жаман әдетке шатылмай тыныш жүргенінің өзі жарты бақыт екен ғой» дегеніне үнсіз бас изегеніміз бар. Ғасыр дертіне айналған нашақорлық оң-солын танымаған мектеп оқушыларына да ауыз сала бастағалы қашан. Алматы қаласындағы «Психикалық денсаулық орталығының» деректеріне сүйенсек, 2024 жылғы 1 шілдеде «нашақорлық» диагнозімен диспансерлік есепте 1 154 адам тіркелген. Оның 180-і әйел адам болса, 7-еуі кәмелет жасына толмағандар. Ал есепте тұрмай, есірткіге есі кетіп жүргендердің саны қаншама?!.
Экология • 16 Шілде, 2024
500 мың адам іс-шараға жұмылды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Жамбыл облысында кең көлемде өткізіліп жатыр. Науқан аясында өңірдің барлық ауданында қоғамдық орындарды, көшелер мен базарлардың аумағын, су айдындарының жағалауларын тазарту жұмысы мықтап қолға алынды.
Экология • 16 Шілде, 2024
Елімізде көктем айынан бері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұған өңіріміздің әрбір азаматы ерекше үлесін қосып келеді. Әсіресе бұл бастамада жастар жағы белсенділік танытқаны қуантады. Еңбек ардагерлері де немерелерін жетектеп, бір тал ексе де туған жерді түлетуге атсалысып жатыр. Осылайша, акция тұтас елді бір мақсатқа жұмылдырып жіберді десек артық айтқандық болмас. Ал мұның еңбекті насихаттаудан бөлек, табиғатты аялауға жұртты үндеуінің өзі – бір төбе.