Қазақстан • 13 Шілде, 2017
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылдың басында жарияланған Жолдауында Қазақстанның Үшінші жаңғыруы туралы хабарлап, республиканы қайта түлетудің жолдары жайлы ойларымен бөліскен еді. Сонда әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін халықты рухани жаңғыртудың да ерекше маңызы барын атап айтты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегі осы мәселеге арнайы жазылған, ғылыми-теориялық және практикалық мәні зор жаңа туынды болып табылады. Еңбектің негізгі өзегі өзі қуатты, әрі жауапкершілігі биік Біртұтас ұлт болудың жолдарын ашуға құрылады. Солардың ішінде ұлттық сананы жаңғырту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы сияқты маңызды мәселелер бар. Сонымен бірге, Елбасы таяу жылдарда атқарылуға тиіс міндеттерге тоқталады. Бұл – саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтыру мен орнықтырудың, жоспарлы мәселелерді жүзеге асырудың нақты жолдарын нұсқайды. «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек», деді.
Бизнес • 13 Шілде, 2017
Немістердің тәжірибесі несімен ұтымды?
Тәуелсіздік сарайында Германия энергетикалық диалогы конгресі өтті. Екі күнге жалғасқан шараны неміс энергетикалық агенттігі ұйымдастырды. Онда тараптар энергетика саласындағы жетістіктер мен технологиялардың қолданылу мәселелерін талқылады.
Үкімет • 13 Шілде, 2017
Келелі мәселелерге арналған кеңес
Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев көші-қон саясаты және моноқалаларды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Үкімет • 13 Шілде, 2017
ЕҚЫҰ-ның Министрлер кездесуіне қатысты
Таяуда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Министрлер жиналысына қатысты және ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер делегацияларымен ұйымның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бизнес • 13 Шілде, 2017
Тоқыма ісі тоқыраудан шықты ма?
Кілем тоқу – Азия, Еуропа, Кавказ халықтарына ежелден белгілі қолөнер түрі. Кілемді ата-әжелеріміз алтын, күміс сияқты қымбат бұйымдардың санатына қосып, дәулеттің, байлықтың бір белгісі деп білген. Бәйгеден озып келген тұлпарға кілем жауып, жеңімпаз балуанға кілем тарту еткен. Түкті кілем, тықыр кілем сияқты ел аузындағы әсем бұйымдар әр шаңырақтың сәні мен салтанаты болды. Қазақ халқының кілем өнерінің көркемдік-ерекшеліктері туралы Ә.Марғұланның, С.Қасымановтың еңбектерінде кеңінен айтылады. Бір кездері үйіміздің шырайын ашқан түрлі кілемдер қазіргі уақытта керегемізден түсіп қалса да, керегімізге жарап тұр. Соңғы жылдары еліміздегі кілем өндірісі тың тыныс алып, отандық өнімдер шетелдерге де экспорттала бастады.