Пленарлық сессия барысында Қазақстан делегациясының басшысы ЕҚЫҰ Іс басындағы Австрия төрағалығына қолдау білдіре отыра, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммитінің Астана декларациясында бекітілгендей, тұтас және бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қауымдастығын ілгерілетуге бағытталған инклюзивті үнқатысудың маңыздылығын атап өтті.
Қ.Әбдірахманов қауіпсіздік саласында ағымдағы және болашақтағы қауіп-қатерлерге байланысты, соның ішінде аумақтық жанжалдарды реттеу, әскери белсенділіктің өсуі, әскердің бір жерге жиналуы және оның кесірінен ЕҚЫҰ аумағында туындайтын әскери қақтығыстардың қаупіне қатысты құрылымдық үнқатысуға жағдай жасалғанына тоқталды.
Қазақстан Сыртқы істер министрі лаңкестікке апаратын зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алуға арналған «дөңгелек үстелде» Жаһандық лаңкестікке қарсы күрес коалициясы (желі), БҰҰ жаһандық лаңкестікпен күрес стратегиясы, Лаңкестік пен зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы жаһандық іс-әрекет кодексі мен Лаңкестік ұйымдардың тұтас тізімін құру туралы Елбасының бастамаларын ұсынды. Сонымен бірге, Қазақстанның лаңкестікке қарсы күрес бойынша шаралары, үшінші және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламалары мен «Кибер қалқан» бастамасы жөнінде мағлұмат берді.
Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының Венаға сапары аясында өткен кездесулері мен ЕҚЫҰ дебаттарына қатысуы Қазақстан Президентінің бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақты дамуға бағытталған бастамаларының өзектілігі мен қажеттілігін көрсетіп берді.
Таяуда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Министрлер жиналысына қатысты және ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер делегацияларымен ұйымның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Утиль алымға қатысты шешім қабылданды
Экономика • Кеше
Құландарды көшіру мәселесі талқыланды
Табиғат • Кеше
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ның күні белгіленді
Білім • Кеше