Үкімет • 13 Шілде, 2017

Келелі мәселелерге арналған кеңес

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Премьер-Ми­нистр Бақытжан Сағын­таев көші-қон саясаты және мо­ноқалаларды дамыту мәсе­лелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Үкімет басшы­сының баспасөз қызметі.

Келелі мәселелерге арналған кеңес

Кеңес барысында денсаулық сақ­тау, білім беру, туризм, энергети­ка са­лаларында моноқалалардың ин­фра­құрылымын одан әрі дамыту ша­ра­лары талқыланды. Сондай-ақ, ин­вес­тициялар тарту мәселелері қа­ралды.
Өнімді жұмыспен қамту және жап­пай кәсіпкерлікті дамыту бағдар­ла­масын іске асыру барысына баса назар аударылды.
Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Әді­лет министрі М.Бекетаев, Ішкі істер министрі Қ. Қасымов, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ер­мекбаев, Энергетика министрі Қ.Бо­зымбаев, Қаржы министрі Б.Сұл­танов, Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғ­жанов және басқалары баяндама жасады.