Әлем • 16 Шілде, 2024
Қапиядағы қастандық және Трамптың абыройы
АҚШ-тың экс-президенті, биылғы кезекті сайлауалды бәсекеде алдына қара салмай келе жатқан екеудің бірі – Дональд Трампқа Пенсильвания штатының Батлер қаласында кезекті сайлауалды митинг кезінде қарумен қастандық жасалғанын бүгінде әлем жұрты қызу талқылап, мұндай жағдайды айыптайтын пікір білдіріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Трамптың сауығып кетуіне тілеулестігін білдіріп, мұндай озбырлықты қатаң айыптайтынын жеткізді. Ал кей сарапшылар әйгілі әккі саясаткердің осы оқиғадан кейін беделі одан сайын арта түсіп, сөзсіз президент болатынына сенімді.
Әдебиет • 16 Шілде, 2024
Еліміздің Анадолы жұртымен ынтымақтастық қарым-қатынасы нығайып келеді. Таяуда ғана Түркияның Конья қаласында Исмил қазақтарының мәдени-іскерлік орталығы мен Абай үйі ашылды. Жаңа ғимарат Алаш жұртының тілі мен дінін, мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптейді.
Әдебиет • 16 Шілде, 2024
Кітап сөреден – театр сахнасына
Серік Асылбекұлының прозасын оқып болып, көзіңді жұмсаң, ондағы әрекет-көріністер алдыңа бейне болып келеді. Өзі де сергек жазушы Жүсіпбек (Қорғасбек) осы ерекшелікті жіті байқап, «Қоңыртаудың басында бір түп жусан» әңгімесіндегі «зіңкиген бөлме тікұшақ ұшқандай гуілдеп ала жөнелді» деген теңеудің тосындығына қайран қалыпты. Кейінірек шыққан «тікұшақты» мәтінге құлағынан сүйреп кіргізген автоцензура ма, әлде беріде қолы тиген редактор ма, ол жағы беймәлім, бізге белгілісі – әлгі сөйлем Хемингуэйдің көл бетінен дүрк етіп көтерілген үйректерді суреттеуіндегі «…свист быстро машущих крыльев, словно звук разрываемого шелка» («жібек матаның дар-дар айырылғандағы дыбысындай лап-лап қағылған қанаттардың ыс-ыс кеткені») деген сөйлемге ұқсас («дыбысжазу – звукозапись» дейміз).
Театр • 16 Шілде, 2024
Канада көрермендерін тамсандырды
Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры Канаданың Оттава қаласында өткен І Халықаралық «Оттава» қуыршақ театрлар фестиваліне қатысып, «Ромео мен Джульетта» қойылымы үшін Гран-при жүлдесіне ие болды.
Өнер • 16 Шілде, 2024
Балалықтан даналыққа жол ашқан
Суретші-кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі, Еуразия көркем-сурет одағының мүшесі, Халықаралық ЮНЕСКО өнер ассоциациясы мүшесі, «Тұран-Астана» университетінің туризм және дизайн факультетінің доценті, Қазақстан Республикасы Көркем академиясының вице-президенті Жанұзақ Мүсәпірдің туындысы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғанын естігенде қатты қуандым. Өнер иесі ғана емес, қоғам қайраткері. Ол ғұмыр бойы ұлтымыздың мәртебесін арттыру үшін қолынан келгенін жасап келеді.