Футбол • 20 Шілде, 2022
Өткен демалыс күндері футболдан Ресей чемпионатының жаңа маусымы басталды. Бірінші тур ойындарының қорытындысы бойынша Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсететін қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдинов алғашқы турдың шартты құрамына енді.
Теннис • 20 Шілде, 2022
Рейтингтегі орнын сақтап қалды
Кәсіби теннисшілер (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) «Үлкен дулыға» санатына енетін «Уимблдон» жарысынан кейінгі теннисшілердің рейтингін жариялады.
Спорт • 20 Шілде, 2022
Мемлекеттік қызметкерлер сайысқа түсті
Петропавл қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында кезекті спартакиада ұйымдастырылды. Еліміздің 16 өңірінен келген 700-ге жуық азамат спорттың жеті түрінен, атап айтқанда, шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, үстел теннисі, суда жүзу, тоғызқұмалақ пен бильярд бойынша шеберлік байқасты.
Спорт • 20 Шілде, 2022
Дүниежүзілік ойындар мәресіне жетті
АҚШ-тың Алабама штатының Бирмингем қаласында ұйымдастырылған XI Дүниежүзілік ойындар мәресіне жетті. Мұхиттың арғы бетінде өткен халықаралық додада Қазақстан құрамасы спорттың сегіз түрінен сынға түсіп, барлығы 4 медаль (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алды. Нәтижесінде, Қазақстан делегациясы Португалиямен бірдей көрсеткішке ие болып, жалпыкомандалық есепте 37-сатыға тұрақтады. АҚШ-та барлығы 73 елдің спортшылары жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстан • 20 Шілде, 2022
«Нәтиже» орталықтарына келіңіз
Биыл мамыр айында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктерімен бірлескен «Нәтиже» мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығының қанатқақты жобасы іске қосылған болатын.