Футбол • 12 Шілде, 2017
«Астана» екі ойыншысын таныстырды
Елордалық «Астана» футбол клубы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «АстанаFF» фристайл клубымен бірлескен «Футбол астанасы» мерекелік шарасын ұйымдастырды. Аталған шара аясында жазғы трансферде клуб сапын толықтырған екі жаңа ойыншы – Ласло Кляйнхайслер мен Марин Томасовты жанкүйерлерге таныстыру рәсімін өткізді. Футболшыларды команда жанкүйерлеріне клубтың атқарушы директоры Қайсар Бекенов таныстырып, ресми түрде спорттық жейделерін табыстады.
ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017
Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне тарту ретінде, қазақ этнографиясының алты тілде, нақтылай түссек, қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб тілдеріндегі қысқаша сөздік күні кеше ғана жарық көріп, елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада тұсаукесер рәсімі өтті.
Қазақ елі өз тарихының соңғы үш ғасырдағы бақытты 25 жылын да артқа тастап, келесі белесіне де аяқ басты. Кейде осындайда арғы-бергі еске түсіп, түрлі ойларға батасың. Өткенді өскелең ұрпаққа үнемі білдіріп, бардың қадірін бағалатып отыру керек-ау деген ой түйесің. Әйтпесе, бүгінде бәрін оңай келгендей көретіндер көбейіп бара жатқан секілді көрінеді.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Өткен Астана күні мерекесінде Ғазиза Шолпанбаеваның қуанышы еселеніп кетті десе болады. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қолынан пәтер кілтін алғанда жүрегі алып-ұшып, ерекше толқыды. Баспана қиындығы өздерін шаршатқандай еді. Ұлы мен қызы өсіп қалды, әлі күнге дейін отбасы жоғары оқу орнының жатақханасындағы аядай бір бөлмеде күн көріп келді. Үлкен қызы 13 жасқа толды, ұлы 10 жаста. Балалардың сабаққа дайындалуына бөлмесі тарлық ететін. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы болып қызмет істейтін өзінің кітаптары мен көрпе-төсегі қатар жиылып тұрады. Отбасы болған соң мерекелерде, отбасылық қуаныштарында туған-туыс, дос-жаранға үйден дәм таттырып, дастарқан жаюдың өзі жұбайы Ерұлан екеуіне қиын болатын. Әйтеуір, «көңіл сыйса – бәрі сыяды» деп қонағын атқарғанмен де, өздері қысылып-қымтырылатын.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұтымды жұмыстары
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өз жұмысын облыстық және орталық мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдермен тығыз байланыста жүргізіп келеді.