Қазақстан • 12 Шілде, 2017

Әдеп жөніндегі уәкілдің ұтымды жұмыстары

177 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өз жұмысын облыстық және орталық мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдермен тығыз байланыста жүргізіп келеді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің ұтымды жұмыстары

Өткен жылы, Әдеп жө­ніндегі уәкілдің жеке қа­был­дауына жергілікті ат­қа­ру­шы органдардан 16 азамат келген болса, осы жыл­дың 5 айында 17 азамат қа­был­дан­ған. Азаматтардың басым көпшілігі мемлекеттік қыз­мет саласындағы заңнамаға тү­сіндірме сұраған. Әрине, уә­кілдің жұмысы тек заң­на­маға түсіндірме берумен ше­к­телмейді. Өткен жылы, ау­мақтық департаменттің берген ұсынысы негізінде Әдеп жөніндегі уәкілмен ти­істі жұмыстар жүргізіліп, Маңғыстау облысының вете­ринария басқармасын­дағы қыз­меткерлердің арасын­дағы ахуалдың одан әрі шие­ленісуіне жол берілмеді. Сонымен бірге, уәкілдің ұсы­нысы негізінде аталған бас­қарманың басшысы мен жауапты қызметшілері әдеп кодексі талаптарының бұзы­лу­ына жол бергені үшін тәр­тіп­тік жазаға тартылды.
Бейнеу ауданының бір мем­лекеттік қызметшісі ке­шенді аттестаттау барысында, жеке құзыреттерін анықтайтын тестілеуден өткеннен кейін, оның нәтижесіне көңілі толмай, тестілеу нәтижесін жыртып тастап, мемлекеттік қыз­мет­шіге тән емес қылықтар көр­­сеткен. Бұл дерек аумақтық департаменттің ғимаратында орын алғандықтан, назардан тыс қалдырылмай, тиісті акті жасақталды. Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі уәкілдің атына шара қабылдау үшін ұсыныс ен­гі­зілді.
Аталған ұсыныс Әдеп жө­ніндегі уәкілдің Бейнеу ау­данына баруына және мем­ле­кеттік қызметшіге жат қы­лық­тардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүр­гі­зуіне негіз болды. Мемлекеттік қыз­мет­ші­лер­дің арасында болып жататын қо­ғамға жат қылықтар орталық мем­лекеттік органдардың ау­мақ­тық бөлімшелерінде де кез­деседі. Өткен 5 айдың ішін­­­­де аумақтық департамент орталық мемлекеттік ор­­ган­­­­дардың Әдеп жөніндегі уә­кілдеріне бірнеше ұсыныс­тар жолдады. Мысалы, биыл­ғы жылдың наурыз айында Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі ау­мақтық инспекциясының қыз­мет­шілері арасында бір-біріне дө­ре­кілік көрсету деректері орын алған. Нәтижесінде, құқы бұзылған қызметшілер ау­мақтық департаментке ша­ғым­данып, тиісті тексеру жұ­мыс­тары ұйымдастырылды. Ша­ғымда көрсетілген деректер тек­серу барысында дәлелденіп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкіліне қа­жет­ті шаралар қарастыру үшін ұсы­ныс енгізілді. Осы ұсыныс не­гі­зінде, министрліктің Әдеп жө­ніндегі уәкілі аумақтық инс­пекцияның ұжымымен кез­десу ұйымдастырып, әдеп нор­маларының бұзылуына жол бергені үшін инспекция бас­шысының орынбасарына «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза берді. 
Жақында Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өз­герістер мен толықтырулар ен­гізілді. Өзгерістерге сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкілдің лауазымы Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне енгізілді. Ендігі жерде, әдеп жө­ніндегі уәкілдің функциясы басқа лауазымдағы қызметшіге қосымша жүктелмей, дербес қызметші атқаратын болады. Бұл өзгеріс әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысына жаңа қарқын берері сөзсіз.
Ендеше, тізілімге жаңадан енгізілген лауазым иелерінің жұмысына тек сәттілік ті­лей­ік.

Ерлеген МЕНДАЛИЕВ,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы 
бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы