Қоғам • 21 Шілде, 2020
42500 теңгені төлеу ережесі бекітілді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді тағайындау ережесін бекітті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 21 Шілде, 2020
Қазақстандық студент "славян базарында" жүлдегер атанды
Белоруссияда өтетін дәстүрлі Славян базары байқауы өз мәресіне жетті. Қазақстанның атынан додаға түскен отандасымыз Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Бексұлтан Кенішқалиев, үшінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 21 Шілде, 2020
Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылды
Қазақтың Ұлы ақыны – Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылып, арнайы жинақ болып жарияланды. Іс шараны – осы елдегі Қазақстан елшілігі ұйымдастырған, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Шілде, 2020
Тарбағатай ауданында үйлерді су басты
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында нөсер жауын салдарынан үйлерді су басты. Жаңаауыл тұрғындарының айтуынша, 40 минут толассыз жауған жаңбыр салдарынан Терісайрық өзеніндегі су арнасынан асып кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Оңтүстік Қазақстан • 21 Шілде, 2020
Шымкентте эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді
Бүгінгі күнге Шымкент қаласында COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны 4 453 құрады. Өткен тәулікте 43 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім +1%. Осы кезеңде 2 770 азамат (62,1%) емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz