Қоғам • 21 Шілде, 2020

42500 теңгені төлеу ережесі бекітілді

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді тағайындау ережесін бекітті, - деп хабарлайды Egemen.kz

42500 теңгені төлеу ережесі бекітілді

"Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 

 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1 және 2 тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін", - делінген тиісті қаулыда.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылау еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. А. Сарбасовқа жүктелді.

Айта кетейік, қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.