Кітап тұсаукесері – Украинаның Черкасс өңіріндегі, Канев қаласында өтті. Абайдың қара сөздерін украина тіліне - филология ғылымдарының докторы - Николай Васькив аударған.
Ақын өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт бітімі, тұрмысы, дүниетанымы мен мінезі тамаша көрініс тапқан, - деп таңқалады аудармашы. Ең бастысы, қазақ ойшылынының терең пайымы Украина халқына да қаратып айтылғандай, - дейді автор. Әзірше 500 данамен жарық көрген жинақ Ұлттық кітапхана мен мұражайларға жеткізілмек.