Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Тарбағатай ауданында үйлерді су басты

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында нөсер жауын салдарынан үйлерді су басты. Жаңаауыл тұрғындарының айтуынша, 40 минут толассыз жауған жаңбыр салдарынан Терісайрық өзеніндегі су арнасынан асып кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарбағатай ауданында үйлерді су басты

Оған таудағы өзен-бұлақтардың суы қосылып, салдарынан ауылдың орталық көшесіндегі 10-ға жуық үйді су басқан. Шағын елді-мекендегі су деңгейі шамамен 20 сантиметрді құрапты. Аудандық өрт сөндіру қызметкерлері суды сорғызғанша, тұрғындар туыстарының үйіне жайғастырылғанын айтады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір үйлерден су кеткен. Комиссия келген шығынды анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше