Тарих • 05 Шілде, 2018
Осы жылдың басты ерекшелігі – Елбасы Н.Назарбаевтың «2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы бойынша жұмыстың қолға алынуы. Нәтижесінде, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін шыңдауға көп мән берілді. Халықты жұмыспен қамту және өмір сүру деңгейін арттыру Үкіметтің басты назарында ұсталды. Соның арқасында жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімі 6 процент деңгейінде, жұмыссыздық 5,2 проценттен, ал инфляция тәуелсіз Қазақстан тарихында болмаған ең төменгі көрсеткіш 5 проценттен аспады. Тарихта тұңғыш рет валюта қоры 100 миллиард долларға жетті.
Жеңіл атлетика • 05 Шілде, 2018
Жеңіл атлетикадан халықаралық «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы» аяқталды
Алматыдағы Орталық стадионда жеңіл атлетикадан халықаралық «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы» аяқталды. Екі күнге созылған жарыста 36 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Оның ішінде 18-і ерлер, 18-і қыздар арасында үлестірілді.
Таным • 05 Шілде, 2018
«Нұр Әлем» сферасы оқушылар мен студенттердің жиі келетін орнына айналды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, облыс әкімдіктері мен «Атамекен» ҰКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шарттары сәтті іске асырылуда, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 05 Шілде, 2018
Елбасы еліміздегі ең үлкен Туды көтеру рәсіміне қатысты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасқан дәстүр бойынша Астанадағы «Атамекен» Қазақстанның картасы» этномемориалды кешені аумағында орналасқан еліміздегі ең үлкен Туды көтеру рәсіміне қатысып, осы салтанатты шара аясында қала күнін тойлауға арналған мерекелік бағдарламалардың басталғанын жариялады және жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне әскери шен тапсырды.
Президент • 05 Шілде, 2018
Мемлекет басшылары Елбасына ізгі тілектерін жолдады
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін атап көрсете келіп, Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады.