Партия • 10 Шілде, 2023
Мәжіліс депутаттары, «Amanat» фракциясының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Қазыбек Әлішев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Айс плюс» ЖШС ұжымымен кездесіп, сүт өңдеу зауытын жаңғырту барысымен танысты.
Үкімет • 10 Шілде, 2023
Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері Максим Рожин мен Мақсат Толықбай ең алдымен Еңбекшіқазақ ауданына келді. Сапар барысында Рахат ауылдық округіндегі 900 орындық мектеп құрылысымен танысты. Іс-шара партияның жол картасында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Өндіріс • 10 Шілде, 2023
Былтыр елімізде отандық өндірушілер 1,7 млн жұп аяқкиім тігіпті. 2021 жылмен салыстырғанда 17,6 пайызға өсім бар. Ал биыл бірінші тоқсанда компаниялар 421 мың жұп аяқкиім тіккендері туралы есеп берген. Бұл да тәуір қарқын – 2022 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 38 пайызға көп.
Есірткі • 10 Шілде, 2023
Жамбыл облысында 280 келі есірткі тәркіленді
Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылының маңындағы құмды аймақта орналасқан «Сарғау» учаскесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтады деген күдікке ілінген 42 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 10 Шілде, 2023
Өткен аптада «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» атты халықаралық тарихи-мәдени экспедиция басталып, Көкшетаудан автосапарға аттанған еді. Ал қазір керуен орта ғасырдағы Найман хандығының шығыстағы шеткі шекарасына жетіп, Өтүкен қойнауына жол тартты. Одан кейінгі нүкте – Қарақорым. Жоспар бойынша тарихи экспедиция Павлодар, Бийск, Таулы-Алтай, Қосағаш, Баян-Өлгей, Ховд, Баянхонгор, Хархорин, Номғон, Ұланбатыр, Налайхан, Улан-Удэ, Иркутск, Красноярск, Новосібір, Омбыға аялдайды. Сапар Қазақстан, Ресей және Моңғолия аумағында, шамамен 9 мың шақырым жерді басып өтпек.