Қоғам • 19 Шілде, 2022
Жұмыссыз қалғандар әлеуметтік төлем алды
Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты 59,8 мың адамға әлеуметтік төлем төленді. Жалпы, мұндай төлем 50 мың азаматқа алғаш рет тағайындалып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Аймақтар • 19 Шілде, 2022
Жайылым мәселесі: Жоспардың жартысы ғана орындалды
Табысын төрт түліктен айырып отырған ауылдардағы ағайын жайылым жер таппай біраз жылдан бері әуреге түсіп жүргені баршаға мәлім. 2021 жылдың 26 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жайылымдық жерлердің 36 пайызы ғана мал шаруашылығы үшін пайдаланылып жатқанын айтқан болатын.
Аймақтар • 19 Шілде, 2022
Ақтауда көтерме-тарату орталығының құрылысы жүруде
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына арнайы жұмыс сапарымен келгенде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жиында инфляция деңгейінің жоғары екенін, мұның азық-түлік тауарлары бағасының тез өсуіне әсері барын айтып, Ақтау қаласында коммуналдық және көтерме базарларды салуды тапсырған болатын.
Қазақстан • 19 Шілде, 2022
Еуропалық одақ Қазақстан реформаларын қолдайды
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакала бастаған делегациямен кездесті. Жиын барысында тараптар арасындағы кеңейтілген ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.
Қоғам • 19 Шілде, 2022
Ақтауда халықаралық турнир аясында Naiza Sport Week қазақстандық күрес лигасының апталығы өтіп, лига аясында ашық жаттығулар, чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларының қатысуымен кездесулер, шеберлік сағаттары өтті. Турнирдің қызықты сәті теңіз жағалауында ұйымдастырылған Eagle FС және Naiza FC-ның бірлескен турнирі болды. Сол күні Ақтау қаласы ғана емес, бүкіл Маңғыстаудағы аудан-қалалардың ережесіз жекпе-жекке құмар жастары жан-жақтан ағылды. Сайысқа бұрынғы UFC чемпионы, ресейлік файтер, ережесіз жекпе-жектің жеңіліп көрмеген шебері Хабиб Нурмагомедовтің арнайы келуі жастардың қызығушылығын арттырса керек, 15 мыңдай адам жиналыпты.