Аймақтар • 12 Шілде, 2019
Сапалы тауар өндірушілер анықталды
Облыс өңірінде соңғы жылдары орта және шағын бизнестің әжептеуір дамып келе жатқаны байқалады. Қызмет көрсетумен өнім өндіргенде ғана бизнес экономиканың мық шегесіне айналады. Биыл «Қазақстанның үздік тауарлары» облыстық байқау-көрмесі бесінші рет өткізілді.
Аймақтар • 12 Шілде, 2019
Ақтөбеде «Отбасын сақтау» орталығы ашылды
Ақтөбеде «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру кешенінің жанында «Отбасын сақтау» орталығы ашылды. Аталған әлеуметтік құрылым Жоғарғы соттың «Отбасылық сот» атты қанатқақты жобасы аясында құрылды. Мақсат – өңірде үлгілі және өнегелі отбасылардың қатарын өсіру.
Қоғам • 12 Шілде, 2019
Атажұрттан алыстағы балалар ана тілін жақсы біледі
Қиырдағы қандастарымыз қазақ тілін қаншалықты біледі? Өзге елде өмір сүріп жатқан ағайынның ана тілімізге деген құрметі қандай дәрежеде? Атырауда өткен «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиетінен халықаралық олимпиада қорытындысы жақсы көрсеткіштермен көңіл қуантты. Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Иран, Өзбекстан мемлекеттерінен келген қазақ балалары Атырауда төрт күн бойы біліктіліктерін сынға салды.
Аймақтар • 12 Шілде, 2019
Қызылорда облысының студенттері кәсіби тәжірибе алмасты
Қызылорда облысындағы оқу орындарында қаржы-экономика мамандықтарын алу үшін оқып жатқан жастар көп. Өмір иірімдері болашақта олардың алған білімдерін әртүрлі салада сынаққа алуы мүмкін. Бірқатары мемлекеттік қызметте қалса, бірқатары өз мүмкіндігін бизнесте сынап көреді.
Сұхбат • 12 Шілде, 2019
UIB президенті Дархан Ахмед-Заки: Білім сапасының жоғары деңгейі – заманауи қоғам талабы
– Дархан Жұмаханұлы, жоғары технологиялы өндірістер мен бизнес, білім мен ғылым үшін интеллектуалды сапалы маман даярлау жолындағы бәсекелестікте UIB тек өзіне ғана тән дәстүрін қалыптастыра алды ма?