TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Төрт боксшымыз алғашқы жекпе-жегінде-ақ жеңіліп, жер шұқып қалған едік. Бүгін еңсеміз қайта тіктеліп, енді төрт боксшының тілеуін тілеп отырған жайымыз бар. Кеше Қазақстан құрамасының көшбасшылары Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев кеткен есені қайтаратындай қалыпта өнер көрсетті.
TOKYO2020 • 29 Шілде, 2021
Тоқтарбек ТАҢАТҚАН: Әбілханға сәттілік жолдас болсын
Токионың төріндегі рингте екі қазақ бір-бірімен кездесуі мүмкін еді. Егер де 75 кило салмақта Қытайдың атынан шыққан Тоқтарбек Таңатқан бразилиялық боксшы Эберт Консейсан Соузадан басым түскенде. Қазақ баласының бір-біріне жұдырық жұмсауын Жаратушымыз құп көрмеген екен. Тоқтарбек әлем чемпионатының қола жүлдегерінен 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Жекпе-жектен кейін қандасымызды сөзге тартқан болатынбыз.
Аймақтар • 29 Шілде, 2021
Карантинде жұмыс істеген 25 тойхана бір айға жабылды
Түркістан облысында карантин режимін бұзған 25 тойхананың жұмысы сот шешімімен 1 айға тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өнер • 29 Шілде, 2021
Ұйқыдағы әлем әдебиеті орнынан бір аунап тұрған шығар. Неге десеңіз, даңқты Дантенің қолжазбалары табылды. Ендігі жерде әдебиетшілердің ермегі сол болмақ. Қазақтың әдеби кеңістігіне ақиық ақын Мұқағали Мақатаев арқылы жол салған «Құдіретті комедияның» иесі тоғыз жүзжылдықты төбесінен аунатып, дүниеге қайта дүмпу салды. Баға жетпес мұра – XIII ғасырдың еншісі. Ал оны тапқан Флоренция тақуа әйел Джулия Болтон Холлоуэй екен. Ең ғажабы сол, бұл данышпан ақынның мектеп қабырғасында жазған еңбектері көрінеді.
Тағайындау • 29 Шілде, 2021
«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасы тағайындалды
«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Қашқынбаев өз еркімен қызметтен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.