Аймақтар • 08 Шілде, 2017
Қостанайлықтар “Өрмекші адам. Қайта оралу" фильмін қазақ тілінде тамашалады
Қостанайлықтар қазақ тіліне аударылған «Өрмекші адам. Қайта оралу» фильмін көріп, тамашалады. «Болашақ» Корпоративтік қоры «Меломан» және «Disney» компаниясымен бірлесіп, голливудтық сұранысы жоғары фильмдерді дубляждау жобасын жүзеге асырып келеді. Қазақстандықтар осыған дейін «Болашақ» қорының қолдауымен жүзеге асқан голливудтық 20 фильмді қазақ тілінде көрген болатын. Бұл қазақ тіліне голливудтық 21-ші фильм.
Аймақтар • 08 Шілде, 2017
Астана құрылысының ардагерлері - Қарағандыда
Қараөткелге қазық қағып, Астананың алғашқы нысандарын тұрғызған құрылысшылар Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездесіп, жас елорданың қалай бой көтергендігі жайлы естеліктерімен бөлісті.
Аймақтар • 08 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спартакиадасы өтті
Осыдан 20 жыл бұрын алғаш рет ұйымдастырылған мүмкіндігі шектеулі спортшылардың "Үміт" спартакиадасы биыл барлық аудандардан жиналған 300 спортшының басын қосып, олар спорттың 8 түрі бойынша өзара күш сынасты.
Аймақтар • 08 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстанда «ашық есік» күні өтті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті филиалы тұрғындарға өз қызмет түрлерін кеңінен таныстырудың тиімді жолдарын жүйелі ұсынып келеді. Бұл жолғы шара «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әр салымшы үшін қолжетімді» тақырыбында өтті.
Аймақтар • 07 Шілде, 2017
Қостанайда қару дайындайтын жасырын цех əшкереленді
Жасырын цехты ұйымдастырған қостанайлық ер адам ұсталды. Оны Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлімінің қызметкерлері «Байкал» маркалы төрт тапаншаны 32 патронымен сатайын деп тұрғанда қолға түсірген.