Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спартакиадасы өтті

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан 20 жыл бұрын алғаш рет ұйымдастырылған мүмкіндігі шектеулі спортшылардың "Үміт" спартакиадасы биыл барлық аудандардан жиналған 300 спортшының басын қосып, олар спорттың 8 түрі бойынша өзара күш сынасты.

Солтүстік Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спартакиадасы өтті

«Спартакиадының өтуіне ғарып жандардың сүйеніші мен таянышына айналған «Үміт» клубы зор үлес қосып келеді. Көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, жүріп-тұруы өте қиын жандар өмірге деген құштарлығын спорттан тауып, аймақтық, республикалық жарыстарда облыс намысын абыроймен қорғап жүр», дейді спартакиаданың бас төрешісі Вячеслав Латышеа.

Екі күнге созылған бәсекеде Аққайың ауданының командасы қоржынға 265 ұпай салып, жеңімпаз атанды. Екінші, үшінші орындарды тайыншалықтар мен мамлюттіктер бөлісті.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.