Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда «ашық есік» күні өтті

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті филиалы тұрғындарға өз қызмет түрлерін кеңінен таныстырудың тиімді жолдарын жүйелі ұсынып келеді. Бұл жолғы шара «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әр салымшы үшін қолжетімді» тақырыбында өтті.

Солтүстік Қазақстанда «ашық есік» күні өтті

Онда ержелер мен заңдардағы өзгерістердің тәртібі түсіндіріліп, пайдалы кеңестер берілді. Бұдан былай www.enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі мен жеке кабинеттерде жаңа сервистерді жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш бере алады.

«Бізде 345 мыңнан астам салымшы бар. Олардың зейнетақы жарналары ай сайын аударылып тұрады. Оның жалпы жиынтығы 180 миллиард теңгені құрайды. 95 мың салымшы онлайн режімінде ақпаратқа қол жеткізе алады», дейді облыстық филиалдың директоры Рамазан Мұқанов.

«Ашық есік» күніне келушілерге 1 шілдеден бастап ортақ зейнетақы мөлшері - 11 пайызға, базалық мөлшері 13 пайызға көбейгені айтылып, сауалдарға жауаптар қайтарылды.

Мамандардың айтуларынша, инвестициялық табыстың есептелуі, жарнаның электронды түрде түсуі жайлы да мәліметтер уақытылы жеткізіліп тұрады. Түрлі гаджеттерге арналған бағдарламалар интернет-дүкендерде сатылады. Ақпараттық дүңгіршектер арқылы алдағы болжалды зейнетақы көлемін де оңай білуге болады.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

«Солтүстік Қазақстан облысы.