Қаржы • 11 Шілде, 2024
Ұлттық экономикамызға бағытталған шетелдік инвестиция ағыны кейінгі жылдары артып келеді. 2019–2022 жылдары ел экономикасына жалпы сомасы 93,6 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тартылып, оның 49,9 млрд доллардан астамы шикізаттық емес сектордың еншісіне тиді. Инвестиция көлемі кейінгі 5 жылда 143,5%-ға, яғни 12,6 трлн теңгеден 18 трлн теңгеге өсті. Тек өткен жылы ел экономикасына 23,4 млрд доллар ТШИ құйылып, еліміз әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде алға жылжып, 37-орынға көтерілді.
Жәдігер • 11 Шілде, 2024
Керекуден шыққан дәулескер күйші Рүстембек Омаровтың Құрманғазы оркестрінде ұстаған көне домбырасы жергілікті музейде тұр. Жәдігерді кезінде өнер иесінің қызы Қарлығаш Омарова аманаттапты.
Мирас • 11 Шілде, 2024
Қарқара төріндегі қымызмұрындық
Мал-жанның қонысына қолайлы Қарқара – ежелден құт мекен. Шөбі шүйгін, суы мөлдір, ауасы жұпар хан жайлаудың тарихына зер салсақ, Қазақ даласының құнарлы бір пұшпағы саналатын бұл жер халықаралық дәрежедегі алыс-беріс, сауда-саттық жәрмеңкесінің орталығына айналған. 1916 жылғы әскердің қара жұмысына адам алу туралы ақ патшаның жарлығына қарсы шығып «бала өлгенше, шал өлсін» деп бас көтерген батыр бабаларымыздың ерліктері де осындағы «Ереуілтөбе» ескерткішінде тасқа қашалып жазылған. Тарихи өлкеге табаны тиген жан алдымен бабалар рухын асқақтатқан осынау еңселі ескерткішке аялдап, Құран бағыштайды. «Қарқара қалың қазақ кебесіндей, Албанның албырт ерке енесіндей. Қарағай қапталдағы, жыныс арша, Қыдырлы малдың құтты келесіндей. Қарқара жарасымды жазық жайлау, Үй-күлше, құрттың жайған өресіндей» деп жыр жүйрігі Ілияс Жансүгіров келісті келбетін суреттеген Қарқараның қойнауы құт, жазығы сыр жасырған жәдігерге толы.
Өнер • 11 Шілде, 2024
Елордада street art жанры өкілдері арасында «Astana Graffiti» фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара Нұрсұлтан Назарбаев қоры және Smart team management-пен бірлесе отырып ұйымдастырылды.
Өнер • 11 Шілде, 2024
Күні кеше ғана ел астанасында Mega Silk Way орталығында «Shulamah» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Аталған туынды музыкалық драма жанрында түсірілген. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ және Golden Man Media қолдауымен жарыққа шығып отыр.