Коронавирус • 28 Шілде, 2022
Вакцина алмағандар ауырып жатыр
Атырау облысында шілде басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны көбейіп барады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, бұған вакциналау мен ревакциналау қарқынының төмендегені әсер етіп отыр.
Қоғам • 28 Шілде, 2022
Төрт түлігін түлеткен атам қазақ үшін мал базары таңсық емес. Енді адам саудасына да етіміз үйрене бастағандай. Адами құндылықтар құнсызданып «құтырып» кеттік пе, құл ұстауға құлшынатын болыппыз. Ресми мәліметке сүйенсек, шалғайдағы фермерлік қожалықтарында өз ықтиярынсыз жұмысқа жегілген жандар аз емес көрінеді. Қаракөз қыздарымыз «жеңгетайлардың» жетегінде кетіп, бала сату деректері дендеп барады.
Қоғам • 28 Шілде, 2022
Ер адамдар эмоциялық қысымға төзімсіз бе?
Жыл сайын Қазақстанда мыңдаған адам өз-өзіне қол жұмсайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рейтингіне сәйкес, Қазақстан суицид деңгейі ең жоғары жиырма елдің қатарына кіреді. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сүйенсек, 2015-2021 жылдар аралығында суицид 27,6 пайызға, өзін-өзі өлтіруге әрекеттену 10,1 пайызға артқан.
Өнер • 28 Шілде, 2022
Сағынғанда әндерін тыңдап, құлақ құрышын қандырамыз. Адамның жанын бесікке бөлегендей тербететін ән деген әлемнің тылсымына бала кезінен батқан Кеңес Дүйсекеев осы өнердің шыңына шыққан бірегей тұлға болды. Оның есімін білмейтін, әнін шырқамайтын қазақ жоқ. Кеңес Дүйсекеев «Домбыра туралы баллада», «Ойлан, балам», «Сәлем саған, туған ел», «Өкінбе сен» секілді алғашқы әндерімен-ақ қалың елдің ыстық ықыласына бөленді.
Тарих • 28 Шілде, 2022
«Қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылып, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек» деген ұстанымды темірқазық қылған Алаш арыстарының біразына жапон тыңшысы деген айып тағылды, атылды. Алдымен Алаш зиялыларының осы тақырыпта айтқан сөздерін келтіре кетсек. Әлихан Бөкейхан 1910 жылдары жазған «Қазақтар» атты очеркінде 1904-1905 жылдары болған орыс-жапон соғысы жайлы былай деген: «Орыс-жапон соғысы басталды… Телеграмдар жапондардың үздіксіз жеңістерінен хабарлар әкеліп жатыр».