Экономика • 27 Шілде, 2023
Qazaqaqbas бренді және цифрлық платформа
Бұрындары еліміздің мал шаруашылығы саласы отандық асыл тұқымды ірі қараның өнімділігін арттыруға қатысты жүйелі селекциялық жұмыстарды қарқынды жүргізген. Соның ішінде ең көп тараған қазақтың ақбас тұқымы тәуелсіздік алған жылдары 2 миллионға жеткен. Бірақ, өкінішке қарай, 2000 жылдардың басында олардың саны 75 мыңға дейін қысқарған. Тек соңғы он жылдың көлемінде елдегі мал шаруашылығын қайта жаңғыртудың арқасында ақбас тұқымды сиыр саны 500 мыңға жуықтап отыр.
Қаржы • 27 Шілде, 2023
Үкіметтің алдын ала деректеріне сәйкес биылғы қаңтар-мамырда еліміз шетелге 31,6 млрд доллардың тауарын саудалаған. Соның ішінде өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ға, яғни 10,2 млрд долларға дейін ұлғайыпты. Дегенмен шикізаттық емес өнім экспортының оң динамикасы тұрақты түрде ілгерілеп отыруға тиіс.
Энергетика • 27 Шілде, 2023
АЭС: Күдік сейілсе, үміт артады
Елімізде 2035 жылға қарай энергетикалық тапшылық туындауы мүмкін деп болжам жасаған отандық ғалымдар, энергия өндірудің жалғыз көзі атом энергиясы екендігін біраздан бері айтып келеді. Мамандар дамыған елдердің технологияларын таңдап, оның арасынан ең тиімдісін зерттеп-зерделеу үстінде. Сонымен болашақта салынатын АЭС-ке 3-деңгейлі реакторларды қолдану қажеттігін ұсынғандар бар.
Экономика • 27 Шілде, 2023
Соңғы бес жылда полимер өніміне ішкі сұраныс екі еседен астам өсіп, жылына шамамен 240 мың тоннаны құрады. Осы қарқынмен отандық нарықтың әлеуетін толық ашып, полимерлік шикізат негізінде көптеген сала үшін қосылған құны жоғары түпкілікті өнім өндірісін дамыту қажет.
Қоғам • 27 Шілде, 2023
Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді
27-28 шілде аралығында елордада лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.