Қазақстан • 09 Шілде, 2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындысы қаралды.
Саясат • 09 Шілде, 2019
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 09 Шілде, 2019
Үкіметте Шымкент қаласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мегаполиске жасаған іссапары барысында қойған нақты міндеттер аясында әзірленген Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарының жобасы қаралды.
Қазақстан • 09 Шілде, 2019
Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат ауқымының ұлғаюына байланысты аударма ісінің өзектілігі арта түсуде. Аудармашылар күнделікті маңызды ақпаратқа, салалық мәтіндерге, түрлі құжаттарға және т.б. қатысты тәржіма жасауға үлкен дайындықпен келу, әрқайсысына байыппен, жауапты қарау секілді талаптармен қатар, білімпаздық, ұтқырлық, ой сергектігі сынды қасиеттерді қалыптастырудың қажеттігін ұғынғандай.
Руханият • 09 Шілде, 2019
Қарт Қаратаудың теріскейінде, Шабақты өзенінің оң жағалауында тамырына талай тарихи сыр жасырған Саудакент қалашығы жатыр. Ғалымдардың зерттеуінше, көне қалашық Қаратаудың теріскейі арқылы Тараз шаһарына қатынайтын үлкен керуен жолдың бойындағы ірі сауда орталығы болған деседі. Бұл қалажұрт бүгінде Сарысу ауданының Байқадам ауылдық округінің аумағына қарайды. Кезінде әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның өзі Саудакент қалашығын зерттеп, сүбелі еңбек жазып қалдырғаны белгілі. Сонымен қатар Рубрук, Колосовский, Бернштам сияқты ғалымдардың жазбаларынан да көне қалажұрт туралы деректерді кездестіруге болады.