Аймақтар • 01 Шілде, 2017
Жамбыл облысындағы Т.Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қырықбаев Асқар Санатұлы Т.Рысқұлов ауданының әкімі болып тағайындалды
Медицина • 01 Шілде, 2017
ОҚО-да сұйылтылған газ бағасы арзандады
Оңтүстік Қазақстан облысында сұйытылған газ бағасы арзандады. Сондай-ақ өңірге бөлінетін сұйытылған мұнай газының көлемі 11 500 тоннаға дейін ұлғайтылды. Бұған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі уәкілетті органмен бірлесіп жүргізген жұмыстарының арқасында қол жетізіліп отыр.
Спорт • 01 Шілде, 2017
Астанада шинкиокушинкайдан Әлем чемпионаты басталды
Бүгін Астанада «Дәулет» спорт кешенінде шинкиокушинкай каратэден 1-2 шілдеде «EXPO 2017» Халықаралық мамандандырылған көрме шеңберінде өтетін VI әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды чемпионаттың баспасөз қызметі.
Әлем • 01 Шілде, 2017
Үстіміздегі жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Исмаил Кахраманмен кездесті. Аталған кездесуге Қазақстан-Түркия парламентаралық достық тобының басшысы Халук Ипек те қатысты.
90 жастағы соғыс және полиция ардагері мерейтойында ән шырқады
ҚР Ішкі істер министрлігінің Қостанай қаласындағы Оқу орталығында майдангер және ішкі істер органының ардагері, отставкадағы милиция майоры Данил Надырбаевтың 90 жасқа толуына орай құрмет көрсетті. Данил ақсақал зейнетте болса да, 90 жасына қарамастан Ішкі істер департаменті ардагерлер ұйымы жұмысына белсене қатысады.