Мәдениет • 05 Шілде, 2024
Тіл тазалығы – тектілік көрінісі
Сөзге бай, әуезі көркем, дәрежесін әлем ғалымдары мойындаған қазақ тілі күнделікті өмірде өзгерістерге ұшырап, қойыртпақталып бара жатқаны белгілі. Бұған түрлі тілдің бір-біріне ықпал етуі, ауызекі тілде орынсыз жұмсалатын сөздердің жиі қолданылуы себеп болып отыр. Тіл тазалығын қалай сақтап қалуға болады? Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұйымдастырған «Сахна тілі» жазғы мектебінде жастар тілдік нормаларды сақтауға қатысты терең де мағыналы дәріс алды.
Қоғам • 05 Шілде, 2024
Елімізге және өңірге есімі танымал қайраткер, облыстың құрметті азаматы Алмагүл Божанованың өмірден өткеніне 40 күн болып қалыпты. Ол мамырдың 17-23-інде Алматыға емделуге келгенде кездесіп, дидарласқан едік. Емен-жарқын сөйлесіп, өткен-кеткенді айтып, біраз жасап қалғанбыз.
Қоғам • 05 Шілде, 2024
Кәдімгі өзіміз күнде жазып жүрген шарикті қаламсаптың құрылысы күрделі емес. Бірақ оның қалай, қашан шыққанына мән бермейміз. Қаламсаптың бұл түрі алғаш рет 1931 жылы Будапешттегі халықаралық жәрмеңкеде таныстырылған.
Қоғам • 05 Шілде, 2024
Кей ғалымдар болашақ өнертабысына бірнеше жылын сарп етсе, енді біреулердің аяқ астынан жасаған дүниесі жаңалыққа айналады. Бірақ қалай болғанда да алғашқы сынақтың орны ерекше.
Қоғам • 05 Шілде, 2024
Жамбының «Айқабақ ату» деген де түрі бар. Егер бұл зат алтын бұйымнан жасалған болса, оны «Алтынқабақ» деп атаған. Айқабақ – көлемі ай пішіндес, сом күмістен құйылған бұйым. Бұл – нағыз жамбы атудың қазақ халқына етене жалпыласқан түрі. Айқабақ ату көп жағдайда аса үлкен жиын, тойларда өткізіледі. Жауынгерлердің мергендігін шыңдайды.