Қоғам • 05 Шілде, 2024

Шарикті қаламсап тарихы

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәдімгі өзіміз күнде жазып жүрген ша­рикті қаламсаптың құрылысы күр­делі емес. Бірақ оның қалай, қашан шыққанына мән бермейміз. Қалам­саптың бұл түрі алғаш рет 1931 жылы Буда­пеш­ттегі халық­аралық жәр­меңкеде таныс­тырылған.

Шарикті қаламсап тарихы

Аталған өнертабыстың авторлары – ағайынды Биролар. Олардың бірі – журналист, екіншісі химик. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ағайынды Би­ролар Аргентинаға қоныс аударады да, 1942 жылы сонда шарикті қаламсапты өнді­рістік негізде шығаруды бастайды. Әрине, алғашқыда сия құйып жасалған қаламсаптар сапасыздау болды. Бірақ 1945 жылы Биро патентін Марсель Бик сатып алған соң, жаңа қаламсап дүние жүзіне кеңінен тарайды.