Қазақстан • 25 Шілде, 2018
Қазақстан • 25 Шілде, 2018
Торайғырда Сұлтанмахмұт тойы өтті
Елімізде жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Баянауыл аудандық әкімдігі мен «Мәдениет порталы» Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасын жариялады. Онлайн-мүшәйраға еліміздің әр өңірінен 36 ақын қатысты, 108 шығарма ұсынылды.
Қазақстан • 25 Шілде, 2018
Ғасырлар бойы қаншама қайғылы оқиғалардың куәсі болып, талай-талай тартыстар мен қатыгез қанды сапырылыстарды басынан өткізген бабаларымыз атамекенін жауларынан қорғап, ерекше ерліктер жасаған. Сондықтан туған жер – қазақ үшін аса киелі ұғым. Көшіп-қонып, жаз жайлап, қыс қыстаумен өткен аталарымыз сол киелі мекеніне ат қоюға ерекше мән беріп отырған. Ол атаулардың астарына аңыздар мен әңгімелерді сыйғызып, қазақ топонимикасының өзіндік философиясын құрай білген. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтың жер атаулары адам қызығарлықтай әдемі мәнге ие болып, көптеген көршілес халықтардың қызығушылығын оятқан. Кеңестік кезеңде бұрын кілемдей құлпырып, біртұтас мәнге ие болған ұлттық топонимикамыз бөлшектеніп, қырық жамау күйге түсті.
Қазақстан • 25 Шілде, 2018
Білім берудегі бірегей қадамдар
Жуырда Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасы рейтингінің бірінші кезең нәтижелеріне арналған баспасөз мәжілісі өтті. Оған Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Олжас Ордабаев және құрылыс саласы бойынша сарапшы Әлібек Марданов қатысты.
Медицина • 25 Шілде, 2018
Біз қашанда қоғамды айтқанда ел азаматтарын, белгілі қоғам қайраткерлерін, ұжым басшыларын, мәдениет, өнер, ғылым өкілдерін, өндіріс озаттарын, ерлік көрсеткен батырларды еске аламыз, өнеге етеміз. Бұл дұрыс, орынды іс. Бірақ солардың аржағында көрінбей тұрған, олардың баптаушылары, ұстаздары бар. Әркімнің ата-анасы, шыққан отбасынан кейінгі, жасөспірімді қоғамдық өмірге, білімге бағдарлайтын, тәрбиелейтін, оларға жақын, солар үшін бүкіл өмірін, жан-жылуын арнайтын жетекші тұлға – ұстаз.