Еңбек • 26 Шілде, 2023
Алмалыбақ ауылының маңайындағы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік егістік алқаптарында жайқалған алтын түстес «Егемен 20», «Қарой 90», «Момышұлы», «Алмалы», тіпті «Димаш» атты дәнді дақылдардың жаңа сұрыптарымен, сондай-ақ қант қызылшасы мен мал азықтық және майлы дақылдардың жоғары өнімді түрлерімен танысудан басталған «Егінжай – 2023» далалық семинар-кеңесіне Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, ҚазҰАЗУ басқарма төрағасы-ректор, академик Ақылбек Күрішбаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мемлекеттік құрылымдардың басшылары, ҒЗИ директорлары, ауыл шаруашылығының көрнекті маман-ғалымдары, өндіріс пен бизнес, БАҚ өкілдері қатысты.
Таным • 26 Шілде, 2023
Термоядролық реакцияларды зерттеудің жаңа әдісі
В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының ядролық астрофизика зертханасы жаһандық термоядро үдерісін зерттеуді қолға алды.
Білім • 26 Шілде, 2023
NASPAA-ның аккредиттеуінен өтті
Назарбаев университеті мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару магистратура бағдарламалары беделді NASPAA-ның аккредиттеуінен өтті. Сөйтіп, аталған университет АҚШ-тан бөлек, NASPAA аккредиттелген магистрлік бағдарламасы бар әлемдегі 13 оқу орнының біріне айналды.
Технология • 26 Шілде, 2023
3D принтер адам ағзасын қалыптай ала ма?
Қазіргі уақытта әлем ғалымдары адамдарға трансплантациялауға жарамды мүшелерді, атап айтқанда, бүйрек, бауыр, тіпті жүректі қалыптап шығаратын көпфункциялы принтерді өмірге әкелуге барын салып жатыр. Бір қызығы, биопринтерлердің прототиптері сүйек және шеміршек импланттарын басып шығаруға, сондай-ақ белгілі ақуыздар, майлар, көмірсулар мен дәрумендерді қамтитын күрделі биологиялық тағамдарды жасауға да қабілетті.
Әдебиет • 26 Шілде, 2023
Мұхтар Әуезов мәтінінің астарына бойлау
Танымал қаламгер, талантты әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, әдебиетші Әмірхан Меңдекенің «Жалғыздық, сені қайтейін...» (Алматы: «Қайнар» баспасы, 2022 – 384 бет) деген көлемді еңбегіндегі М.Әуезовтің шығармалары туралы жазылған үш мақаласы қазіргі мұхтартанудағы өзекті мәселелерге, күрделі тақырыптарға арналған.