Медицина • 31 Шілде, 2022
Заманауи медициналық құрылғылар орнатылды
Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа гипотермия аппараты мен электрэнцефалография мониторы берілді. Биыл Samruk-Kazyna Trust қоры өз демеушілігімен гипотермияның аппараттық кешендерімен бес нысанды жабдықтауды жоспарласа, Жетісудағы орталық соның алғашқысы болып отыр.
Медицина • 31 Шілде, 2022
Ісікті емдеу қиын, алдын алу оңай
Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда онкологиялық дертке душар болғандар саны 14%-ға өсті. Қолда бар деректерге сүйенсек, елімізде сүт безі, өкпе, асқазан, жатыр мойны және тоқ ішек обырына шалдығатындар көп. «Ауру айтып келмейді» дегендей, кейде обырдың бастапқы формаларын анықтау мүмкін емес болып жатады. Тіпті соңғы сатылардың өзінде науқас ағзасында болып жатқан жайтты білмеуі де ғажап емес. Сол себепті сәл күдік туындай қалса, мамандарға жүгініп, скринингтен уақтылы өту артық етпейді.
Қазақстан • 31 Шілде, 2022
15 млрд теңге бюджетке қайтарылды
Елордада Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен алқа отырысында прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Қазақстан • 31 Шілде, 2022
«Баяғыда бұндайды бюролап тастайтын...»
Таяуда менің Көкшетау қаласында біраз уақыт еңбек еткенімді ескерген ескі танысым Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне сілтеме жасалған бір сыни ақпаратты мессенджер арқылы жолдады. Ә дегенде «Ақмола облысы басшылығының беделін түсіруді көздеген фейк болар...» деген ой келіп, жалма-жан аталған мемлекеттік органның ресми сайтын ашып қарадым. Сонда жарияланған ресми мәліметтен бәрі де рас екеніне, яғни астана маңындағы өңірде бірсыпыра былық-шылықтың беті ашылғанына көзім жетіп, басымды шайқамасқа амалым қалмады...
Технология • 31 Шілде, 2022
IT-экспортын ұлғайту бағдарламасының жаңа легі іске қосылды
Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Scalerator IT-компанияларын масштабтау бағдарламасының жаңа легін іске қосты. Өткен жылы бағдарлама кезеңінде қатысушылар 886 мың долларға келісімшарттар мен келісімдер жасап, 300 мыңнан астам доллар инвестициялар тартты.