Қоғам • 30 Шілде, 2022

Белгілі түрколог ғалым Бабаш Әбілқасымов дүниеден өтті

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрнекті түрколог ғалым, тіл білімінің тарланы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бабаш Әбілқасымов дүнииеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі түрколог ғалым Бабаш Әбілқасымов дүниеден өтті

Бабаш Әбілқасымов 1931 жылы 2 қарашада Атырау облысы Исатай ауданында дүниеге келген.

Бабаш Әбілқасымовтың негізгі ғылыми еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуге арналған. Оның 18 — 19 ғасырлардағы қазақ әдеби тілі, 19 ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тіл, алғашқы қазақ газеттерінің тілі жөніндегі монографиялары қазақ әдеби тілі тарихы үшін аса қажетті еңбектердің қатарына жатады.

Онда «Түркістан уәлаяты» мен «Дала уәлаяты» газеттерінің, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы шығармаларының тілі талданып, олардың қазіргі әдеби тіліміздің бастау көзі болып саналатындығы ғылыми тұрғыда дәлелденді. Әбілғазы баһадүрдің «Шежіре-И Түрік» кітабының зерттелу тарихына шолу жасап, ондағы тұрақты сөз тіркестерін тілдік тұрғыдан талдады. Шығарманы көне түркі тілінен қазіргі әдеби тілімізге аударып, жеке кітап етіп шығарды.