Үкімет • 29 Шілде, 2020
Эпид-ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі эпидемиялық ахуал және коронавирус инфекциясымен күрес шаралары қаралды. Тақырып бойынша Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың баяндамасы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Маңғыстау, Қостанай облыстары әкімдерінің есептері тыңдалды.
Руханият • 29 Шілде, 2020
Jas Otan жастар қанаты өңірлік филиалының мүшелері «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясын Исатай ауданында жалғастырды. Аудандық жастар ресурстық орталығы жетекшісінің міндетін атқарушы Жансая Рысқалиеваның айтуынша, мұнда ерікті жастар қауіпті індетпен күні-түні күрестің алғы шебінде жүрген 30 медицина қызметкеріне «Денсаулық» себетін тапсырды.
Пікір • 29 Шілде, 2020
Шектеу мен тыйым – баршамыздың мүддеміз
Әлемді алқымынан қысқан коронавирус пандемиясының құрсауында отырғанда амалсыз өткен замандағы осыған ұқсас індет жайлаған шақ және онымен күрес көз алдымызға келеді. Денсаулық сақтау халық комиссариатының 1924 жылғы мамырдың 24-дегі бұйрығымен алқа мүшесі Халел Досмұхамедұлы оба індетіне қарсы күресу Орталық комиссиясының төрағалығына тағайындалған.
Аймақтар • 29 Шілде, 2020
Павлодар өңіріндегі Экономикалық тергеу департаменті бақылау басқармасының басшысы Жоламан Қиналбековтің мәліметінше, облыс орталығындағы дәріханалардың бірінде елімізде тіркелмеген дәрі-дәрмек саудаланған. Барлығы 22 түрлі препараттардың 670 орамасы анықталып, тәркіленді.
Аймақтар • 29 Шілде, 2020
Жалаңаяқ жүретін гүлзар ашылды
Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Корей мәдени-ағартушылық бірлестігі белсенділері Орал қаласында «Бес ұрпақ» атты шағын саябақ ашып, жалаңаяқ жүруге арналған «Денсаулық жолы» сауықтыру жолағын ашты.