Оқиға • 29 Шілде, 2020
Қазақтың қасиетті де құнарлы топырағында өсіп-өнген жақсыларымыздың арасында ел ынтымағы мен ырысының артуына барынша атсалысып келе жатқан ғалым, қоғам қайраткері Айдар Әбуовтің өзіндік орны бар.
Таным • 29 Шілде, 2020
Смахан төре айтқан ақын Жошы кім?
Былтыр Арқаның алтын қазығы, ұлт ұясы Ұлытау төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты жаһангер, әйгілі қолбасшы, теңдессіз қаған Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан есімін ұлықтау мәселесіне ерекше тоқталып өтті.
Таным • 29 Шілде, 2020
Мына фотоның тарихы естіген адамды ынтықтырары хақ. Мұнда төрт адамның сол жақ шетінде отырған ұлты түрік Мехмет Гүл дейтін ыстанбұлдық кәсіпкер екен. Одан кейінгі басына қозы терісінен тігілген сеңсең тымақ киген жағалы палтолы адам – Жанымхан Тілеубайұлы. Бұл кісі 1888 жылы Шыңжаң-Алтай өлкесінде туған. 1945 жылдары Шығыс Түркістан жұмқыриятының қаржы министрі болған. 1952 жылы Үрімші қаласында атылған. Ал оң жақта шетте отырған қияқ мұрты сұсты адам – Қапан Жәңгірұлы. Бұл жігіт Жанымханның аталас ағайыны. Артқы жақта түрегеп тұрған бозбала – түркиялық қазақ ақсақалы, Дүниежүзі қазақтары қaуымдaстығының Төрaлқa мүшесi болған, «Парасат» орденінің иегері – Дәлелxaн Жaнымxaнұлы Жaнaлтaй. Дәкең 1922 жылы Шыңжаң-Aлтaй жерінде дүниеге келіп, 2012 жылы Түркияда дүниеден өтті.
Таным • 29 Шілде, 2020
Өлке тарихындағы біз білмейтін ақтаңдақтардың ақиқаты Ұлы даламызға қадам басқан әр зерттеуші мен саяхатшының еңбектерінен көрініс табады. 1928 жылы Мәскеу қаласында белгілі биолог, академик Борис Келлердің «Орал қаласынан Индер тауына дейін» атты еңбегі жарық көреді. Таралымы – 10000 дананы құраған. Зерттеуші Келлер бұл еңбегінде біздің өлкеміздің тарихына қатысты ауқымды деректерді баяндайды.
Руханият • 29 Шілде, 2020
Кітапқұмарлық Бүгінде кітап оқу азайды. Есесіне көпшілік көк жәшікке телміреді. Ол да емес: қолтелефонға тәуелді. Бұрын қалай еді? Ертеректе ел жаппай кітап оқитын. Кітап жинайтын. Қойшының керзі етігінің қонышында, я қоржынында «Жұлдыз» журналдары жүруші еді, шиыршықталған... «Кезінде біз дүние жимадық, оның орнына кітап жинадық», дейді еліміздегі ең бай кітапхана иелерінің бірі Мырзатай Жолдасбеков. Рас, кезінде кітап жинау бірқатар қазақ жазушыларының хоббиі еді. Қадыр Мыза Әлінің жеке кітапханасы да өте бай болған көрінеді. Мәскеуден шығатын «Книжное обозрение» газеті арқылы жаңа кітаптар тізімін жасап алып,іздеп жүріп, қолына түсіреді екен. Қаламгерлер С.Мұқанов Ә.Нұршайықов, Қ.Мұхамеджанов, Ө.Нұрғалиев, Ә.Нілібаев, Т.Медетбектің жеке кітапханалары да олқы түспеген. Кезінде олар да кітап дүкендерінен, табылмағандарын «Букинист» кітап желісінен, тіпті қара базардан қарап жүріп жинауды машық етіпті. Қадыр ақынның кітап қоры 10 мың, базбіреу одан да көп болған дейді. Анығын білмедік, бірақ ақынның «азартный книголюб» болғанын мына бір өлең жолдары айшықтайтындай: «Ұйқымды талай бұздым да, Ұяңа тыным бергем жоқ. Тап өстіп сұлу қыздың да, Соңына түсіп көргем жоқ». (Қадыр Мырза Әлі).