Экономика • 27 Шілде, 2024
Әнуардың кәсіпкер болуына тікелей әсер еткен әкесі – Мұрат Ұзақбайұлы. Ол 80-жылдардың орта тұсынан заманның желі басқаша соға бастағанын жақсы түсінді. Келіншегі Гүлсім екеуі Жезқазғанда алғашқылардың бірі болып кәсіпкерлікке бет бұрды. Ескі мен жаңаның тайталасып тұрған шағы емес пе, көпшілік «кәсіпкерлік» дегенді мүлдем түсінбейтін. Бірі көзіне айтып, енді біреулері сыртынан «Бұлар капиталист болғалы жүргендер» деп мысқылдап жататын.
Білім • 27 Шілде, 2024
Қазір қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселе – ұрпақ яки бала тәрбиесі. Бұған ел ертеңін ойлаған әрбір азамат бейжай қарамайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым ұрпақ тәрбиесіне жауапты болуды жүйелі ескертіп-ақ жүр. Мұны Ұлттық құрылтай мінберінен де айтты. Бір сөзінде: «Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе. Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс», деген-ді. Осы жағынан келгенде, бар салмақ ата-анаға түседі. Өйткені бала тәрбиені алдымен отбасында алады. Отбасында не көрді, не түйді – соны бойына сіңіреді. Бұл ретте сан ғасыр жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиеміздің рөлі зор. Елдік тәрбиенің қайнарына қанып өскен өреннің танымы да терең. Әсіресе қазақ отбасында ата-әже, әке-шеше, бауыр деген ұғымдардың орны бөлек. Қоғам, уақыт өзгерді дегенімен, ұлттық тәрбиеден ажырамаған жөн. Бұған өз ұлтының дәстүрі мен болмысын сақтаған әлем елдерінен көп мысал келтіре аламыз. Сонымен қатар Президенттің «Адал адам» тұжырымдамасы да хакім Абайдың «Толық адам» ілімімен үндеседі. Осы ретте біз бүгін қазіргі жас ұрпақты адалдыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке қалай тәрбиелейміз, сондай-ақ қоғамдағы ысырапшылдық секілді келеңсіз көріністерді қалай тоқтатамыз деген мақсатпен дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырып, оған елімізге танымал тұлғалар – тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбай, белгілі дипломат, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов, ардагер-журналист Сайраш Әбішқызы, мемлекет және қоғам қайраткері Жәнібек Кәрібжанов, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов секілді азаматтарды шақырдық.
Мәдениет • 27 Шілде, 2024
«Comic Con Astana»: Креативті ойлар керуені
Күні кеше ғана ел астанасында халықаралық «Comic Con Astana» фестивалі басталды. Комикстер, кинематография, видео ойындар, аниме және гик-мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған дода биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан Орталық Азиядағы ең ірі әрі танымал, ерекше форматтағы фестивальға халықаралық студиялар, продюсерлер, танымал блогерлер мен кәсіби косплей суретшілері, сондай-ақ Голливуд жұлдыздары да арнайы ат басын бұрған.
Мәдениет • 27 Шілде, 2024
Егер қажет деп тапсаңыз, уақытты «тоқтатып қоятын» бір жер бар. Қазір уақыт қарбалас болса да, өзіңмен-өзің қалып, ішіңе үңілетін орын қалса, ол кітапхана шығар. Бізде ғана емес, әлемдік ахуал солай. Ал кітапханаға кірсең, кеңістік басқа. Байыздап, өзімен-өзі кітап оқып отырған оқырмандарға қарап сүйсінесіз.
Спорт • 27 Шілде, 2024
Садақшылар үздік нәтиже көрсетті
Кеше кешке XXXIII жазғы Олимпия ойындарының ресми ашылуы өтті. Париж төрінде Мемлекеттік Туды Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова ұстады.