Қоғам • 29 Шілде, 2020
Жақында әлеуметтік желіде, нақты айтқанда Telegram-да «Qazaqsha jaz» деген топ ашылып, бірнеше күнде жазылушылар санының еселеп артқанын байқадық. Қозғалыстың мақсаты – еліміздегі компанияларды өздері туралы ақпаратты қазақша да таратуға шақыру.
Өнер • 29 Шілде, 2020
Ертеде қылқалам шеберлері талантты адамдарды жасыл түспен әрлесе керек. Ойлы оқырман картинаның бояуына қарап тамсанып, суретшінің шығармасын бағалаған. Ал қазір ше? Біз жасыл түспен тұмса табиғатты ғана байланыстыратын болдық. Ал табиғатынан талантты, ашық-жарқын жандардың бет-бейнесі тұмшаланып қалды. Әйткенмен осы бір түйінді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы тарқатып келе жатқандай. Осыған дейін еңбегіне ел сүйінген қаншама есімдер танылды. Бүгін біз солардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері Нұрбек Әлібек жайында айтпақпыз.
Руханият • 29 Шілде, 2020
Ол да отызды алқымдады. Алқынбады. Талпынғаны – тоғышардың туын құлатып, жемқордың желкенін қию. Алақандай елінің Алатаудай арманын орындап, ұлтының бар болса барын бағамдау, жоқ болса жоғын түгендеу. Тартынғаны... Тартынғаны одан да көп: адамгершіліктен аттамау, ауыз жаласқан сыбайласты жақтамау. Алысқа бармай-ақ жақыннан қайтып отырмыз. Аңыздағы Алпамысты емес, ел басқару ісіне ерте араласқан, бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Ибрагимұлы Жақсымбетовті айтып отырмыз.
Қоғам • 29 Шілде, 2020
Аяғына тұсау, мойнына шалма салдырмай діңкелеткен асаудай көрінетін сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіріп қана қоймай, экономикалық тұрғыда дамуымызға да барынша кері әсерін тигізіп отырғанын қоғамымыздағы барлық тарап қымсынбай мойындайды.
Қоғам • 29 Шілде, 2020
Азадан ақша жасағандар жазаланады
Біреудің қайғы-қасіретінен табыс табуға ұмтылған міскіндер мына дүниеде болмаса да ана дүниеде жауап беретіні анық. Алайда, қазіргі жағдайда қоғам тұрақтылығы үшін біреудің азасы мен қазасынан ақша жасап жатқандар тізгінін тартып, міндетті түрде жазасын алғаны жөн. Қандай жолмен болса да байығысы келетін қорқау дүниеқоңыздық барлық кезде болған. Адаммен бірге жасап келе жатқан ашкөздік кісінің көз жасы, обал, сауабына қарамайды.