Қаржы • 27 Шілде, 2022
«Көгілдір отын» үшін қарыз көбейіп барады
Еліміздің газ қызметінің мамандары қазақстандықтар мен жекелеген кәсіпорындардың «көгілдір отынға» қарызы ұлғайып бара жатқанын алаңдаушылықпен айтып, дабыл қағып жатыр. Әрбір тұрғын үй мен басқа да ғимараттарды газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін оның ақысын уақтылы төлеу қажет.
Спорт • 27 Шілде, 2022
Жүлдесі мол желаяқтарды баптау қиын ба?
Елдің абыройын асқақтатып, атын әлемге танытатын бірден-бір оқиға – спорттық сайыстар. Әсіресе әлем чемпионаттары мен Олимпия ойындарының шоқтығы биік. Таяуда, АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында өткен жеңіл атлетикадан XVIII әлем чемпионатының финалында қазақстандық спортшы Нора Джеруто мәреге бірінші жетіп, алтыннан алқа тақты.
Медицина • 27 Шілде, 2022
Қазіргі таңда медицинаның қай саласында да жетілдірілген инновациялық технологиялар бар. Мұндай озық медициналық құралдар адам қолы жетпейтін жерге жетеді, ең күрделі операцияларды ағзаға зиянын тигізбей жүзеге асыра алады. Алайда кез келген технологияны адам басқаратындықтан, оны меңгерген мамандар машығы қашанда құнды.
Қазақстан • 27 Шілде, 2022
Жалған дәрі-дәрмектің жолын кеседі
Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау басталды. Үкіметтің қаулысымен міндетті таңбалауға жататын дәрілік заттардың тізімі белгілі болды. Ең әуелі өндірілген дәрілік заттар міндетті түрде таңбаланады. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, міндетті таңбалау көлеңкелі бизнестің алдын алып, жалған медициналық препараттар өндірісіне тұсау салады.
Қоғам • 27 Шілде, 2022
Жүгенсіз жүргізушілер көбейіп тұр
Жаз басталғаннан бері жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Өкініштісі сол, адам шығыны көп. Жол сақшылары көлік тізгіндегендерді тәртіпке шақырғанымен, нәтижесі аз. Қол қусырып отыруға болмас. Бұл ретте, елімізде шұғыл түрде жол қауіпсіздігін сақтауға үндейтін «Қауіпсіз жол» айы жалғасуда.