Қоғам • 25 Шілде, 2023
Атырау облысында 153 ауыл бар. Алайда алтын бесікке баланған ауыл тұрғындарының бәрі бірдей мал, егін шаруашылығымен айналысып отырған жоқ. Өйткені ауылдарға дем беретін бұл саланы дамытуға қолбайлау болатын бірнеше себеп бар.
Қоғам • 25 Шілде, 2023
Бірер жыл бұрын Жамбыл ауданына қарасты Шайқорық ауылының азаматтары Нұрғиса мен Нұрбол Қуанышбаевтың ауласына енгенде, қара құрлық саваннасына тап болғандай күй кешкен едік. Түйеқұс асырап, табыс табудың жолын таңдағандардың көшін өңірде дәл осы отбасы бастап тұрғаны сөзсіз.
Аймақтар • 25 Шілде, 2023
Өрісі малға, қойнауы жанға толып, берекесі артқан Күркелі елінде, Алаш ардақтысы Жұмат Шанин туған ауылда дүбірлі той өтті. Бұл күні елді мекенде жастар орталығы мен асхана, ойын алаңдары ашылып, ауылдықтар қуанышқа бөленді.
Медицина • 25 Шілде, 2023
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті бастамасымен «Педиатр қоғамы» қайта құрылды. Құрамына облыстық денсаулық сақтау басқармасының Ана және бала денсаулығын қорғау бөлімі мамандары, қалалық емхана меңгерушілері, балалар және жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен зейнетке шыққан медицина қызметкерлері кірген қоғамдастықтың 76 мүшесі балалар сырқатымен күресуді қолға алды.
Үкімет • 25 Шілде, 2023
«Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелер қаралды
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелер қаралды. деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.