Қоғам • 25 Шілде, 2023
Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек. Осы жолдар адамды бір көргеннен жақын тұтып, жанына тартып, үйіріп әкететін көпшіл де бауырмашыл, адал да ақжүрек жігіттер қатарына жататын, бүгінде өмірдің алтыншы белесіне аяқ басқан Айбын Әдепханұлына арналып айтылғандай. Хакім Абай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиетсөз қалдырғаны да осы Айбын Әдепханұлы тәрізді дарқан мінезді, нардың да, бардың да жүгін тік көтеріп кете беретін айтулы азаматтардың сойын мегзеген болар. Ол мақтау мен мадаққа еш мұқтаж емес. Оның атына бізсіз де әр тараптан ақ адал алғыс, жақсы лебіз, жылы пікір айтушылар көп екені белгілі. Біз шәкірттері ретінде бірауыздан азамат ерге деген шынайы ықыласымызды, оның өзіміз куә болған істерін паш етуді жөн санадық. Бұл – шәкірттер көкейіндегі риясыз ой.
Таным • 25 Шілде, 2023
Мына дүрбелеңге толы шетсіз-шексіз дүниенің жаймашуақ сәттерінің бірінде бейтаныс кісілермен дидарласып, содан тіпті бір-біріңді көптен білетін адамдай тез тіл табысатын жандар болады емес пе? Оның бірі есіңде қалса, ал екіншісі аққан жұлдыздай із қалдырмай ұмыт қала береді. Әрине, бұл да табиғаттың адамға берген бір қасиеті болар. «Жылқы кісінескенше, кісі сөйлескенше» деген. Ойлап отырсақ, расында, сұхбаттасушыны сөз саптауынан, пайым-пікірінен қас пен көздің арасында танып-білуге болады екен.
Футбол • 25 Шілде, 2023
Футболдан Қазақстан чемпионатының бәсекелері бел ортасынан ауып, чемпиондыққа талас жүргізіп жатқан командалар арасындағы тартыс қыза түсті. Өткен демалыс күндері еліміздің жеті қаласындағы стадиондарда біріншіліктің 16-тур ойындары өтіп, жанкүйерлер тосын нәтижелердің куәсі болды.
Мультимедиа • 25 Шілде, 2023
Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі отандық 10 анимациялық студиямен бірге түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздарға негізделген қанатқақты анимациялық жобаның өндірісін бастады.
Хоккей • 25 Шілде, 2023
Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барысы» жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын бастады.