Хоккей • 25 Шілде, 2023

Дайындықты бастады

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барысы» жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын бас­тады.

Дайындықты бастады

Кеше хоккейшілер «Барыс Арена» спорт кешеніндегі мұзайдында алғашқы жат­тығуын өткізді. «Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка жаттығу үдерісіне аз­даған өзгерістер енгізгенін айтты. «Біз енді бұрынғыдай екі жаттығу жиынын емес, қысқа-қысқа бес жаттығу кезеңін өткіземіз деп жоспарладық. Әрқайсысы әр бағытта жүреді. Негізінен сырғанау жаттығуына көбірек көңіл бөлеміз», дейді А.Скабелка.

Айта кетейік, «Барыс» ҚХЛ-дің биылғы маусымындағы алғашқы ойынын 2 қыркүйек күні елордада Өфенің «Салават Юлаев» командасымен өткізеді. Ал 4 қыркүйекте «Сибирь» клубымен кездеседі. Кейіннен сырт алаңдағы ойындар сериясына қатысу үшін Новосібірге аттанады.