Қоғам • 25 Шілде, 2023

Агросала Айбыны алпыста

188 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін

Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек. Осы жолдар адамды бір көргеннен жақын тұтып, жанына тартып, үйіріп әкететін көпшіл де бауырмашыл, адал да ақжүрек жігіттер қатарына жататын, бүгінде өмірдің алтыншы белесіне аяқ басқан Айбын Әдепханұлына арналып айтылғандай. Хакім Абай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиетсөз қалдырғаны да осы Айбын Әдепханұлы тәрізді дарқан мінезді, нардың да, бардың да жүгін тік көтеріп кете беретін айтулы азаматтардың сойын мегзеген болар.

Ол мақтау мен мадаққа еш мұқтаж емес. Оның атына бізсіз де әр тараптан ақ адал алғыс, жақсы лебіз, жылы пікір айтушылар көп екені белгілі. Біз шәкірттері ретінде бірауыздан азамат ерге деген шынайы ықыласымызды, оның өзіміз куә болған істерін паш етуді жөн санадық. Бұл – шәкірттер көкейіндегі риясыз ой.

Агросала Айбыны алпыста

Ғылым жолына түсуіме Айбын Әдепханұлы ықпал етті. 2010 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу мал ­шаруа­шылығы және жемшөп өндірісі институты ірі қара мал репродукциясы бөлімінде жұмыста жүргенімде Айбын Әдепханұлы тестілеу арқылы жылдам үйренетін бірнеше маманды іріктеп, мені 2011 жылдың ақпан айында Астана қаласындағы Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми орталығы сүт және жем сапасын талдау зертханасына ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа шақырды. Ол кісі жас ғалымдарға ерекше қамқор болды. Жасы зейнетке жақындаған білікті мамандарды жинап, бізді барынша үйретуге жұмылдырды, бізге де жоғары талаптар қойып, өзі жеке бақылады және үнемі қолдап отырды.

Сол қолдау арқасында 2012 жылы ҚазҰАУ-дың ветеринария факультетіне магистратураға түстім. Жеке кәсіпкерлікпен айналыспақ болғанымда Айбын Әдепханұлы «Жұмысты орта жолда тастап кету –  әлсіз­діктің белгісі» деп, табанды болуға шақырды. Бұл сөз менің өмірлік қағидама айналды. Бизнес саласына ірі ауқымды селекция жобасы біткен соң кеттім. Бірақ  ұстаз сөзі ойымнан кетпей, 2019 жылы, араға 5 жыл салып ҚазҰАУ-дың мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы факультетіне докторантураға түстім. Бүгінде сол Қазақ ғылыми-зерттеу мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі институтының жылқы шаруашылығы бөлімінде Айбын Әдепханұлының қоластында қызмет атқарамын. Ол кісінің жас ғалымдарға деген көзқарасы әлі сол қалпы. Қазір маған: «Жастарға білетініңді енді сен барынша үйрет», дейді.

Ұстазымның ғылыми жетістіктері баршылық, ­ойын­да жүргені қаншама. Соның бәрін іске асырғанын  тілеймін.

Жасұлан ҚОЖАНОВ

Жоғары оқу орнын аяқтап, әскери борышымды өтеп келген соң, менің алдымда сан тарау жол тұрды. Сол кезде маған ағалық ақылын айтып, тура жол нұсқаған Айбын Әдепханұлы болды. Ол кісіні көпшілік мемлекетіміздің қайраткері, өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы біледі.

Ол кісінің ауылшаруашылығы саласындағы құнды еңбектері – талдаулары, ғылыми зерттеулері мен тәжі­рибелері бүгінде өз жемісін беріп келеді.

Ел байлық жиса, Айбын аға кітап жинайды, құнды, рухани дүниелерді жанына серік етеді. Көп оқиды, көп ізденеді. Мүмкін мұндай қасиет би-шешендігімен, ел басқарудағы әділдігімен елді бірлікке ұйыта білген ата-бабаларынан берілген шығар.

Айбын ағаны көрген сайын «Ұлық болсаң, кішік бол» деген сөздің тереңдігіне бойлағандай боламын. Қарапайым қалпымен кішіпейілдік танытып, жолы үлкен болса да, үнемі адамгершілік қасиетімен ерекшеленіп тұрады.

Айбын ағаны адамдық болмысы биік, ақылға бай, байыпты жан ретінде құрметтеймін. Өмірде сол кісідей болғым, сол кісіге ұқсағым келеді.

Еркінбек ТАЙТІЛЕУҰЛЫ

Айбын аға мені 2010 жылы өзіне шәкірттікке, ғылым жолына – Қазақ ұлттық мал шаруашылығы ғылыми  зерттеу институты генетикалық талдау және сараптау бөліміне кіші ғылыми  қызметкер ретінде шақырды. Осылайша, мен ғылым жолына түстім. Аға сол кезден бастап бізге өзінің білімін, ілімін берумен болды. Құжаттармен жұмыс істеуді үйретті, бұған дейін зерттелмеген, ХХІ ғасыр ғылымы – генетика саласын меңгертті. Сол жылдары үлкен ғылыми жұмыстар атқарылды. Францияның «Индра» компаниясымен келімісшартқа отырып, Қазақстанның бүкіл жануарына генетикалық талдау жасауға кіріс­тік. Ағаның жетекшілігімен сол кездегі заманауи құрылғыларды меңгердік. Ол кісі біздің Қазақстанның мал шаруашылығына үлес қосуымызға сеп болды. 2017 жылы мені Қазақстандағы беделді зауыттардың біріне орналастырып, дезинфекция саласын толық меңгеруіме мүмкіндік жасады. 2020 жылы қайтадан ғылым жолына шақырып, ірі қара мал өсіру секторында ветеринария мамандығымен бірге мал азықтандыру саласын үйретті. Қазір Германиямен ғылыми жұмыс бойынша байланыс ұйымдастырылып, атап айтқанда Қазақстандағы шаруашылықтарда сүт өнімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Ол кісі бізге әке, аға, дос, ұстаз болды. Өзінің бар білгенін үйретті. Біздің сала бойынша кітап жазуымызға себепші болды. Ол кісінің жазған монографиялары, ғылыми жұмыстары, тәрбиелеген шәкірттері өте көп.  Мал азықтандыру жөніндегі еңбегінің ауыл шаруашылығына қосқан  үлесі зор. Биыл Айбын Әдепханұлы ғылыми жұмыс­тарының қорытындысы бойынша кітап шығармақ. Ол кітаптың шаруашылықтардағы зоотехниктар мен мал дәрігерлеріне бағдаршам болатынына сенімім кәміл.

Бауыржан балтабаев

Мен Айбын ағадан көп нәрсе үйрендім.  Өмірде маған жол сілтеген, үлкен өзгерістерге жетелеген нақты үш адам болса, соның бірі – Айбын аға. Мені орта буын қызметте жүргенде басшылыққа тартқан осы кісі еді. Мал шаруашылығын, селекцияны үйретті, сол саланы толық игертті. Сонау 2009 жылы өзінің орынбасары сайлап, мал шаруашылығындағы үлкен реформалардың тізгінін ұстатты. Біз ақпараттық жүйе құрып, мал шаруашылығының селекциясын қолға алдық.  Ғалымдардың барлығын өндірісті сүйемелдеу­ге, шаруашылықта жұмыс атқаруға жұмылдырдық. Кең ауқымды селекция деп алататын жұмыс баста­дық. Маған үлкен сенім артты, жауапты жұмыстарда өзімді көрсетуіме, қызметте өсуіме жол ашты. Ағаның жетекшілігімен көптеген кітаптың бірлескен авторы, жеке авторы болдым. Ғалымдармен қалай сөйлесу, өндірісті қалай жүргізу керектігін сол кісіден үйрендім. Жалпы, шәкірт тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. Батыл адам, шешімді бірден қабылдайды. Өте сауатты және жұмысқа келгенде өте талапшыл. Нәтижелі жұмыс істегенді, мәселені созбаққа салмай бірден шешкенді жақсы көреді. Сөзін жұтпайды, айтқанын толығымен орындайды. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Ол кісі – менің ғылымдағы, өмірдегі ұстазым. Барлық жағынан осы кісіге ұқсағым келді. Одан жаман болғаным жоқ.

Анас БАҚҚОЖАЕВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты

2004 жылдың наурызында биология ғылымдарының кандидаты, білімді әрі өте белсенді 40 жастағы басшы Айбын Әдепханұлы Төреханов басқарған ҚазМШҒЗИ-ға жұмысқа келдім.  Ол кісі белсенді ұйымдастыру қабілетімен өндіріс пен ғылымды ұштастыра білді. Орталықта қысқа уақытта ірі қара шаруашылығында жаңа 3 тип апробацияланды, жылқы шаруашылығында 2 тип және бірнеше зауыттық типтер шығарылды. Қой шаруашылығында оннан астам зауыттық линия апробациядан өтіп, бүгінде Алматы және Жетісу облыстарында кеңінен таралған меринос жүнді-етті бағыттағы жаңа қой тұқымы «Еттi меринос» шығарылды. Мал азығы өндірісі саласында 10-нан астам жаңа сұрып шықты. Ол кісі қысқа уақытта осындай үлкен жетістіктерге қол жеткізді.  Айбын Әдепханұлы басшы ретінде маман даярлауға үлкен мән берді және жастарға қамқорлық жасап отырды. Мен сол қамқорлық арқасында кандидаттық диссертациямды қорғадым. Бізді ағаның талапшылдығы, қаталдығы шыңдады. Ол кісінің мектебінен өткен жастар ғылымға еркін енді.  Аталған институттан кейін Айбын Әдепхан­ұлы Астанаға «ҚазАгроИнновация» қоғамына вице-президент болып ауысты. Бірақ ғылыми жұмыстарға басшылықты тоқтатпады. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Институт директорлығын қоса атқарды. Осы кезеңде мал шаруашылығы ғылымында жаңа ізденіс­тер жүзеге асты. Қолдан ұрықтандырудың заманауи әдістері, эмбриондарды трансплантациялау және селекциялық жұмыстарды заманауи әдістер негізін­де жүргізу өндіріске жол тартты. 2009 жылы «Кең ауқымды селекция» бағдарламасын ұсынды және оны жүзеге асыру барысында мені Астанаға шақырды. Бірге жұмыс істедік. Еліміздегі асыл тұқымды мал есебін жүргізетін қазіргі ақпараттық сараптау жү­йесі – ИАС осы кезде әзірленді. Жүйе идеясы Айбын Әдеп­ханұлыныкі, авторы – ол кісінің шәкірттері Анас Баққожаев пен мен болдым. Осы кезең мен үшін ең жемісті жылдар болды. Айбын Әдепханұлынан көп нәрсе үйрендім. Селекциялық жұмыстардың заманауи әдістері: индекстік бағалау, малды тұрпатына қарай /линейная оценка типа/ бағалау және геномды болжау әдістерін осы кезде игердім.

2012 жылы институтқа оралып, Айбын Әдепхан­ұлы­ның идеясын жалғастырдым. Кең ауқымды селекция бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша докторлық диссертация қорғадым. Ғылым док­торы болдым, профессор атағын алдым. Осы жетіс­тіктерімнің барлығына Айбын Әдепханұлының  ықпалы зор болды.

Талғат ҚАРЫМСАҚОВ,

ҚазМШжЖӨҒЗИ басшысының ғылым жөніндегі орынбасары

Айбын Әдепханұлын мақтау керек емес, біз ол кісімен мақтануымыз керек. Айбын ағаның қамқор­лы­ғын көп көрдім, өзімді ағаның ақылы арқылы жетіл­дірдім. Ғылыми зерттеу институтында ағаның бағыт-бағдары арқылы ірі қара малды трансплантациялау ғылыми зерттеу еңбектерін жүргіздім. Аға арқылы ғылым жолының ауыр жол екенін, ол үшін талмай еңбектену қажеттігін ұғындым.

  Ол кісі ұстаз ретінде маған бағыт сілтеді, үлгі бола білді. Қателігімді кешіріп, жетістігіме қуанды. Аға ретінде үнемі  қамқор болды. Оқуға, еркін сөйлеуге, орынды пікірлер айтуға, ізденуге баулыды. Менің әр  жетістігімде Айбын ағаның үлесі бар.

Өзімнен кейінгілерге ағаның адами қасиеті, азаматтық келбетті  туралы, ол кісіден өзіме сіңірген, алған дүниелерді мақтанышпен айта аламын.

Бақытбек МАЗАРЖАНОВ

Айбын Әдепханұлы 2010 жылы «Асыл түлік» АҚ-ты басқара отырып, басты бағыттарының бірі өсім молайтудың жеделдетілген әдісі (ІҚМ эмбриондарын трансплантациялау) болған ауқымды селекция бойын­ша жұмыс бастады.  Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін бізді біліктілікті арттыру мақсатында басқа елдерден тәжірибе алуға жіберді. Бұл бізге жоба аясында өз алғашқы тәжірибелерімізді жүргізіп, нәтижелер алуға, одан кейінгі міндеттерді іске асыруға мүмкіндік берді. Жинақтаған тәжірибемнің арқасында одан кейінгі жылдарда мені мал өсімін молайтудың барлық бағыты бойынша түрлі ғылыми жобаға қатысуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін өз бағытым бойынша қызметтерді жеке жүзеге асыруға үнемі шақыратын болды.

Айбын Әдепханұлы менің, мен сияқты көпте­ген жастың қызметінің, өмірлік жолының негізін қалады. Бізге сенді, сенеді және әлі де жол көрсетумен келеді. Мен өзімнің Айбын ағаның шәкірті болғаныма  мақтанамын.

Бауыржан БАЛТАБАЕВ

Жансерік АСАНОВ,

ірі қара малды асылдандыру жөніндегі маман