Табиғат • 23 Қазан, 2024

Түркістан облысында браконьерлер қолға түсті

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында полицейлер күдік туғызған көлікті тексеру кезінде браконьерлерден 16 ақбөкеннің ұшасын және түрлі қару-жарақ тәркілеген, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында браконьерлер қолға түсті

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz-тің мәлім етуінше, күмәнді Toyota Land Cruizer көлігі, 16 ақбөкеннің ұшасы және 13 бас бөлігі, 2 пышақ, 58 аңшы мылтығының оғы, дүрбі, аңшы мылтығы, 12 калибрі екі ұңғылы 2 мылтық, 4 жарықтандырғыш заттай дәлелдеме ретінде тәркіленіп алынған. Тиісті сараптама тағайындалды.

Көлікте күдікке ілінген 4 ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Олар Жамбыл облысы тұрғындары болып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.